Жұма, 3 Мамыр 2024
3394 0 пікір 8 Ақпан, 2019 сағат 13:08

Бірнеше облыста аязға байланысты сабақ тоқтап, жол жабылды

Қазақстанның солтүстігі мен орталық аймақтарында қатты аязға байланысты білім мекемелері уақытша жұмысын тоқтатты.

Көкшетау, Қарағанды, Павлодар қалалары мен Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының мектептерінде сабақ тоқтады. Астанада бірінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары мен колледждердің бірінші курс студенттері бүгін сабаққа бармайды.

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше аймақта жолдар жабылған. "Қазавтожол" республикалық кәсіпорыны Павлодар облысында жолдар жабылғанын хабарлады. Астанадан барлық бағытқа шығатын жолдар да жабық тұр. Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында қоғамдық және дизель көліктерінің қозғалысына шектеу қойылған.

Апта басында Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин суық циклонның әсерінен ауа температурасы күрт суып, қар жауып, бұрқасын болады деп ескерткен. «Қазгидромет» кәсіпорыны елдің он облысында қатты аяз болып, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -45 градусқа дейін төмендейтіні туралы ақпарат таратқан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 917
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 766
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 597
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 613