Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
6514 1 пікір 24 Қаңтар, 2019 сағат 16:56

101, 102, 103 нөмірлері бір нөмірге біріктірілмек

Елордада полиция, жедел жәрдем және төтенше жағдайлардағы қызметтердің нөмірлері бір нөмірлерге біріктіріледі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин мәлім етті.

ОКҚ-да өткен баспасөз мәслтхатында iKomek орталығының басшысы Жәннат Дүбірова орталық 2018 жылдың қаңтар айында құрылып, барлық коммуналдық қызметтердің және қалалық басқармалардың, атап айтқанда 4 аудандық әкімдіктің, 17 қалалық әкімдік басқармаларының, 33 коммуналдық және апаттық қызметтерінің, 81 лифт шаруашылықтарының нөмірін 1-0-9 нөміріне біріктіргенін атап өтті.

«Астаналықтар байланыс орталығының тиімділігіне көз жеткізіп, осы қызметті белсенді түрде пайдаланады. Сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық мәселелері бойынша өз өтініштерін, ұсыныстары мен шағымдарын тәулік бойы жолдап отырады», - деді ол.

Өз кезегінде тілшілердің сұрағына жауап берген iKomek қалалық орталығының әкімшілік қаржылық департамент директоры Ақан Нұрғожин алдағы өзгерістер туралы айтып берді.

«Адам өміріне қауіпті жағдайлар бойынша 101, 102, 103 және 112 нөмірі бар. Осы барлық нөмірлерді алдағы уақытта Астана және барлық елді мекендерді 112 нөміріне біріктіру жоспарланып отыр. Мерзім бойынша осы жылдың екінші тоқсанында бұл жұмыс іске асырылады деп күтіліп отыр. Әртүрлі апатты жағдайда да осы қызметтердің бәрі үйлестіріліп, барлық қызмет бір нөмір арқылы көрсетілетін болады», - деді Ақан Нұрғожин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1777
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1495
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395