Жұма, 3 Мамыр 2024
3278 2 пікір 4 Қаңтар, 2019 сағат 10:00

Қаржы пирамидасы ісі бойынша үкім оқылып жатқанда, қатысушылар шу шығарған

Ақтөбеде "заңсыз қаржы пирамидасын құрды" деп айыпталған Қуаныш Жақсыбаевтың соты аяқталып, үкім шықты. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, кәсіпкер айыпты деп танылып, алты жарым жылға бас бостандығынан айырылған.

Айыптау актісіне сай, "Жақсыбаев 2016-2017 жылдары APPORT қосымшасын жасап, ақтөбеліктерді қаржы пирамидасына тартқан. Ол жүздеген адамнан 146 миллион теңге ақша жинап алған. Үкімге сай, ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс.

Судья үкім оқып жатқанда айыпталушының жақтастары сот залында шу шығарып, үстел-орындықтарды сындыра бастаған. Үкіммен келіспегендер сот ғимаратының алдында да наразылықтарын жалғастырған. Кейін наразыларды және оқиғаны видеоға түсіріп тұрған Азаттық тілшісін полиция күштеп автобусқа салып, алып кеткен.

"Мен сыртта болған оқиғаны видеоға түсіре бастадым. Полиция видеоға түсірмеңіз деді. Қызмет бабымен жүргенімді айтып, қызметтік куәлігімді көрсеттім. Бірақ соған қарамастан қолымды қайырып, автобусқа салып алып кетті" деді Азаттық тілшісі.

Азаттық журналисі полиция бөлімшесіне барған соң ішкі істер департаментіне, прокуратураға хабарласқан. Кейін прокуратура өкілі Азаттық тілшісіне қателесіп ұстағандарын айтып, босатқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 736
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 454
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 470