Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 5880 6 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 12:08

Ақселеу Сейдімбектің күнделік дәптерінен үзінділер

30.05.72
Ауылды аңсап аттанамын. Амал не, торығып қайтамын. Ауылдың барымен базар болатын бұрынғы қарапайым, бауырмал, көңілді тіршілігі бұл күндері сұрқай тартқан. Өз басымен өзі болып, жұмысбасты болып жүрген адамдар. Олар осыдан небәрі он-он бес жыл ғана бұрын айтатын ұлағатты әңгімелерін ұмытқан. Ендігі әңгімелері отбасы, ошақ қасы, жан сақтау қамы туралы.
Яғни, қара халықтың санасын шектеген бір ауыртпалық бар. Ол қандай ауыртпалық? Халық неге шын пейілімен қуанбайды? Неге төңірегіне нем-кетті қарап, ұнжырғасы түсе береді?..

24.11.77
Ескерткіштерін сақтай білмеген елдің ұлттық танымы мен сана-сезімі күңгірт тартады. Ондай халық ерік-күші жағынан да, рухани жағынан да әлжуаз болады. Сыртқы күштердің әсер-ықпалына талғаммен қарай алмайды, оп-оңай жетегіне ілесіп жүре береді. Ақырында құрып бітеді немесе мүлде басқа сапаға айналады.

29.01.78
Құрманғазы дүние дидарындағы мың-сан құбылысты дыбыс қалпында қабылдаған болу керек.

"Қазақ әдебиеті" газетінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 813
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 627
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 676