Жұма, 3 Мамыр 2024
3046 0 пікір 13 Желтоқсан, 2018 сағат 10:53

Мемлекет басшысының төрағалығымен Түркістан қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті

Жиынды ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласында құрылыс жұмыстарын бастау үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

– Түркістан – бүкіл халқымыз үшін қасиетті қала. Біз бұл шаһарды одан әрі дамыту мәселесін жан-жақты талқылап, тиісті тапсырмалар беріп, қажетті қаражат бөлдік. Уақыт келді, алайда ешқандай жұмыс басталған жоқ. Облыс орталығын салу жөнінде белгілеген жоспарды орындауға кірісу керек, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті қаланың әкімшілік-іскерлік орталығын, тұрғын үйлер алабын және әлеуметтік нысандарды салу басым бағыт болып саналатынын атап өтті.

Жиында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Маминнің, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және Халықаралық сәулет байқауы комиссиясының төрағасы А.Зікіриннің Түркістанның бас жоспарының тұжырымдамасын іске асыру барысы, соның ішінде қалада жаңа нысандар салу жоспарлары туралы баяндамалары тыңдалды.

Соңында Мемлекет басшысы жаңғыртылатын энергия көздерін пайдаланудың маңыздылығына назар аударып, облыс орталығын энергиямен және сумен қамтамасыз ету салаларын жақсартуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 758
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 481