Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4160 4 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 11:55

Заң бұлжымай орындалып тұрса, қалың қазақ петиция жаза ма?

Басқасын айтпай-ақ қоялық, бір ғана мемлекеттік тіл саясатының о бастан жүйелі түрде шешілмеуі уақыт өткен сайын қаншама проблема тудырып келеді. Ширек ғасырдан бері тіл саясатын біржақты шешуге қаншама мүмкіндік болды әлі де бар.

Саяси ерік-жігер, бәрінен биік тұратын мемлекет мүддесі дейтін нәрселер осындайда еске түседі. Тәуелсіздік дегеніміз - тіл тәуелсіздігі. Ал біз қарапайым қоғамдық орындарда мемлекеттік тілде қызмет ала алмаймыз. Бұдан өткен қорлық бола ма?

"Заңда бәрі бар, құқыңызды қорғаңыз, талап етіңіз" дейді. Ол заң бұлжымай орындалып тұрса, құқымды қорғаймын деп қалың қазақ петиция жаза ма? Ал заңды қадағалаушы орган қайда сонда? Отыз жылда тіл тәуелсіздігіне жетпеу..."Олар өздері сөйлегісі келмейді, орысша біледі, түсінеді, қоғамның өзіне байланысты" деп мемлекеттік тіл саясатына қазақты - қоғамды кінәлаудың қажеті жоқ.

Қазақ тілі - ширек ғасырдан астам уақыт күн тәртібінен түспей келе жатқан ең өткір саяси мәселе. "Қазақ тілін сүйтейік, бүйтейік, сүйтсеңдерші, бүйтсеңдерші" деудің және жарнама іс-шаралардың түкке керегі жоқ. Мемлекеттік тілге саяси тәуелсіздік керек. Латын әліпбиіне өткеннен тіл тәуелсіз болып шыға келеді дегенге де күмәнім бар.

Өміржан Әбдіхалықтың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 595