Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
1767 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 20:02

Түлкібаста тағы бес кәсіпорын жұмыс бастады

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында өңірлердегі зауыт-фабрикалардың жұмысын жандандыру қажеттігін айтқан болатын. Осыған сәйкес, өңірлерде тұтынушылардың сеніміне ие болып, сапалы тауарлар шығарып жатқан кәсіпорындар аз емес.

Бүгінде экологиялық таза өнімдерді өндіру үлкен әлеуметтік маңызға ие.Түлкібас ауданында табиғи шырын шығаратын 5 кәсіпорын ашылады.Биылғы жылдың өзінде жалпы құны 897 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылды.

Тағамдық құндылығы жоғары жеміс шырыны- адам денсаулығына  пайдалы. Бұл табиғи таза өнімдер нарықта жоғары сұранысқа ие.Биылдан бастап іске қосылған 3 кәсіпорын минералды және табиғи  шырындар шығарады. Мұнда  87 азамат жұмыспен қамтылды.

Ербол Балқыбеков «Жазғы ән» ЖШС- директорының орынбасары

Біздің негізгі тұтынушымыз Алматыдағы Смол және Магнум сол сияқты сауда орталықтарымен жұмыс істейміз. Біздің шырыннның ең бірінші орында тұрғаны сапасы жоғары. Өйткені біз ең таза өнімді өндіреміз.Түлкібас ауданының шикізатының өзі өте жоғары сапада. Биыл біз қиярдың 60 пайызын осы Түлкібастан алдық.

Түлкібас кентіндегі «Жазғы ән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өңдейді. Жұмыс істей бастағанына   2 жыл болған кәсіпорын  8 түрлі жеміс шырынын шығарады.Қуаты бір ауысымда 10 мың құты жеміс шырынын шығаруға жетеді. Керейт ауылындағы «Арсен АС» кәсіпорны да табысты.Олар заманауи құрылғылар арқылы 250 тонна құнарландырылған шырын сусындарын шығарды.

Гүлнар Телібаева -технолог

Осы күнге дейін 2 мың тоннадан астам алма қабылдадық.250 тонна құнарландырылған алма шырындарын төңдеп шығардық.Сағатына 5 мың тонна өнім өндіретін технологиясы бар.Құнарландырылған шырындарды өңдеп 220 килограмдық бөшкелерге құямыз.Цехта 7 түрлі сусын дайындаймыз.Солардың ішінде алма шырыны өзіміздің отандық өнім.

Аудандағы индустриалды аймақта алдағы уақытта тағы 5 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.Табиғи таза отандық өнімді тұтыну үшін алма,алмұрт,жүзім егу қайта қолға алынбақ.Одан жиналған өнімдерден табиғи сусын шығаруды түлкібастық кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр.

С.ҚҰТТЫБАЙҰЛЫ 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2017
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2435
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2010
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1585