Жұма, 3 Мамыр 2024
1914 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 17:40

Бес бастама: Қазығұрттықтар газбен қамтылды

Биыл наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты жаңа әлеуметтік бастамаларды таныстырды, оның бірі - Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру болатын.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қазығұрттықтар қуанышқа кенелді. Мереке қарсаңында ауданның 16 елді-мекеніне табиғи газ тартылды. Сөйтіп бір мезетте 4100 тұрғын көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Енді газ кіргізген ауылдардың тұрғындары көмір тасып күл шығару бейнетінен құтылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен халықтың әлеуметін арттыратын жобалар қарқын алды. Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде  елді-мекендерге табиғи  газ құбыры жүргізілді. Мереке қарсаңында, Көкібел Алтынтөбе, Тұрбат ауылы сынды сегіз ауылды көгілдір отынға қосу жоспарда бар. Жалпы жыл соңына дейін аудандарды көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 73 пайызға жетпек.

Бақберген Құралбаев – Қазығұрт аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Ауданның бекітілген жоспарына сәйкес. 2019 жылы 2 елді-мекенге, 2020 3 елді-мекенге 2021 жылы 9 келді-мекеге газ беріледі деп жоспарлап отырмыз. Осының барлығы іске асқан жағдайда жалпы ауданның 95 пайзы газбен  қамтамасыз етіледі.  

Сапарбек Мақұлбаев - Сабыр Рақымов ауылының әкімі

Бүгінге Көкібел елді-мекенінде газды беруді бастадық. Бүгін 9 ШРП қосып, газ беріледі. Қызылқия мен Көкібел ауылына жыл соңына дейін толықтай газ беріледі деп жоспарлап отырмыз. 

Қытымыр қыста көк түннің астына қалып, көмір тасымайтындардың қатарында Айхан Асубаева да бар. Ауыл тұрғыны көгілдір отынның келуін  жылдап күткенін айтады.

Айхан Асубаева - Көкібел ауылының тұрғыны.

Ауыр азаптан құтылдық. Суымыз үйге келіп тұр, табиғи газымыз бар, бұдан артық не керек?! Бізге осындай қуаныш сыйлаған елбасымызбен жергілікті билікке ризашылығымызды білдіреміз

Ауданда ілкімді істер аз емес. Киелі мекенде жол, жарық пен ауыз мәселесі де шешімін табуда. Бұл дегеніміз, Елбасының жүктелген  міндеттері кезең-кезеңімен іске асып келеді.

А. БИДАН      

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 614
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 363
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 364