Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2241 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 12:33

Түркістан қаласындағы кәсіпорындар жалақыны көтермек

Биылғы жылдың қазан айында Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге арттыруды тапсырған болатын.

Түркістан қаласындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жергілікті 230 азаматтың жалақысы артпақ. Игі іс Елбасы жолдауы негізінде жүзеге асады. Қала әкімінің жергілікті бизнесмендермен өзара жасалған келіссөзі тағы қандай бастамаларға жол ашпақ?

Түркістан қаласы шағын шаһар болғанымен, мұнда кәсіпкерлік кең етек жайған. Жыл басынан бері кентте 56 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, жоспар 104 пайызға артығымен орындалып отыр. Сондай-ақ, соңғы 9 айда 16 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған.

Әліпбек Өсербаев – Түркістан қаласының әкімі

Ол біз мақтанып та айта аламыз, мынау облыс орталығы болғалы бері бізге келіп, кәсіп ашқысы келетіндер көбейді. Мысалы 16 миллиард теңгенің инвестициясын тартсақ, 3 миллиард теңге бюджеттен алып отырмыз.

Түркістанда өнімді терең өңдеу шаралары жүзеге асуда. «Фараб» мақта зауыты ақ алтыннан  120 түрлі өнім алады. Қазір кәсіпорында 100 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Соның 30-ы қарапайым жұмысшы. Енді олардың жалақысы 28 пайызға артпақ.

Әбдірәсіл Құрманәлиев – «Фараб» фабрикасының директоры

Жұмысшыларыңның жалақысы жақсы болса, жұмыс та жақсы жүреді. Сол үшін біз осы жалақы көтеру мәселесін осыдан 2 жыл бұрын қолға алған болатынбыз. Енді міне, жолдаудың арқасында тағы да көбейтеміз деп отырмыз.

Әбутәліп Мырзәлиевтың осы зауытта жұмыс істегеніне 15 жылға жуықтаған. Жалақысы жоғары. Қарапайым жұмысшы жолдау жолында еңбекақысының тағы да жоғарылайтынына разы.

Әбутәліп Мырзалиев – жұмысшы

Мұнда небір қиындықтарды көрдік. Негізінен мына басшцымызбен бірлесіп, мынау жалақыны көтеру жұмыстарын жақсы атқарып отырмыз. Енді тағы да көтермекші. Бір қарапайым жұмысшының 1 жылдағы орташа жалақысы 440 мың теңгеге жеткен еді.

Жолдауды нақты жүзеге асыру мақсатында қала билігі жергілікті 20 кәсіпорынмен меморандумға қол қойған. Олардың қатарында наубайхана, құрылыс материалдарын шығаратын зауыт пен жиһаз цехы бар. Бұйырса, осы келіссөз негізінде 1-қаңтардан бастап 230 азаматтың жалақысы артады.

П.БИНАЗАРҚЫЗЫ

Abai.kz

0 пікір