Жұма, 3 Мамыр 2024
2531 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 16:30

Түркістандағы агроколледжі - агросекторға білікті кадр дайындайтын бірегей цех

Тассай тұрғын алабында орналасқан Түркістан жоғары аграрлық колледжінде заман талабына сай оқу-өндірістік база жұмыс істеп тұр. Студенттер дуальды оқыту жүйесі негізінде осында теория мен практиканы ұштастырып білімін шыңдай түсуде. 

Заман талабына сай жабдықталып, жас ұрпаққа кәсіптік білім беріп келе жатқан оқу ордасына Түркістан облысына іссапармен келген Білім және ғылым министрлігінің өкілдері арнайы ат басын бұрып, колледж ұжымының жетіс­тіктерімен танысты. 

Сапар барысында Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тайкенова, БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ғалия Дәулетова, БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның БАҚ және халықпен жұмыс жүргізу бо­йынша департамент директоры Эльдар Түлеков білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында жабдықталған «Рухани жаң­ғыру» көрмесімен, «Start-APP» бизнес-инкубаторымен танысып, колледждің коворкинг орталығында белсенді жастармен кездесті.

«IT құзыреттілік міндетті түрде барлық маман­дыққа ену керек. Бұл – ең бірінші оқу бағдарламаларының мазмұнына кіретін дүние. Былтыр мамандықтардың қата­рына «ақпараттық қауіпсіздік» деген мамандықты енгіздік. Біз осы жүйе­мен кәсіптік және техникалық ба­ғытт­а кадр дайындаймыз. Сондықтан мұға­лімдердің біліктілігін арттыратын оқулық бағдарламаларының мазмұнына IT құзыреттілікті енгізіп отырмыз», дейді БҒМ техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Ғ.Дәулетова.

Жуырда Түркістан жоғары аграрлық колледжінде «Студенттерге қызмет көр­сету орталығы» ашылған болатын. Іс-сапар барысында министрлік өкілдері 40-тан аса мемлекеттік қызмет түрін ұсы­на алатын орталықтың жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда студенттер үшін «AGRAR-APP» мобильді қосымшасы жұмыс істейді. Яғни, студенттер мобильді қо­сымша арқылы сабақ кестесімен, өздерінің ағымдағы және қосымша бағаларымен таныса алады.

Білім мекемесі басшысының айтуынша, орталықтың жұмысын тиімді жүргізу үшін колледж мамандары ХҚКО тағылымдамадан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болған. Сондай-ақ орталықтың ашылуымен 2000-ға жуық студенттің уақытын үнемдеуге жол ашылды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде студенттердің алаңсыз білім алуына мүмкіндік беретін «SMART-колледж» бағдарламасы енгізілген.  Бұған қоса, «Өркениет» бастауыш ұйымының қолдауымен студенттер бұл орталықта Тассай тұрғын алабының тұрғындарына қызмет көрсететін болады. Сондықтан бұл бастаманы облыстың барлық оқу орындарында енгізсе де артық болмайды.

Іссапар барысында министрлік өкілдері мақтаулы колледждің оқу өнді­рістік базасының жұмысымен толықтай танысып, отандық агросекторға білікті кадр дайындайтын ұжымдағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 661
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 450
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 401
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 402