Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3297 6 пікір 20 Қараша, 2018 сағат 09:42

Молданы мектепке жіберуге болмайды

Қазақ дүниетанымы Имандылық пен Адамгершілікті егіз ұғым деп қабылдайды. Ал қазіргі діндарлар "имандылықты" адамгершіліктен бөліп алып кеткісі келеді. Сөйтіп, діни сабақ өткізбесе, мектеп балалары имандылықтан жұрдай қалады деп соғады. Яғни, оны "барша қазақ адамгершіліктен ада болады" деген мағынаға келтіруі, сөйтіп, санаға "дінсіз күнің қараң" деген ой тастауы мүмкін...

Ал, шындығында, әрбір қазақ отбасы өз ұрпағын алдымен Қазақ дәстүрі мен мәдениетіне сәйкес тәрбиелейді емес пе? Ұлт болып даму үшін, сақталу үшін солай етуге міндетті емес пе? 

Ол үшін қазаққа өзінің небір асыл сөздері, мақалдары, аңыздары, жалпы - қазақ даналығы молынан жеткілікті. (Жетпей жатса бір жөн ). Ол дана сөздер нағыз қазақы қалыптағы адамгершілікке жетелейтін табиғи, қанымызға сіңген педагогикалық құралдар. 

...Міне, осылай, біздің діндарлар қазақтың кеңпейілдігінен аражігін ажырата бермейтін "имандылық" пен "адамгершілік" ұғымдарынан "имандылықты" жеке "іліп" алып, оның алдында және соның арқасында "қазақы педагогикасын" жоққа шағарғысы келеді. Тіптен, ұмыттырғысы келеді.
Сол себепті, олардың айтатындары "Арабтың әнебір данасы олай деген, былай деген" сияқты қауесет әңгімелер! 

Ал, нағыз Жігіттікке тәрбиелейтін мыңдаған қазақ сөздерін құлақтарына қыстырмайды да!. 

...Яғни, діншілдер, қаласа да, қаламаса да - өз ұлтының дәстүріне, тарихына, ежелден келе жатқан мәдениетіне, қазақы ойлау қабілетіне және "мен қазақпын" деген ұлттық мақтанышына қарсы адамдарға айналып барады.
Енді, ересектерді қойып, күнәсіз, періште балалардың миын ашытса не болады? ... Сөйтіп, олар жас балалардан өздерімен бір шаңырақ астында тұрып жатқан уахабтар мен салафиларге "шикізат" күйіндегі "дайын материал" даярлап берме ме?! ...Олар болса,,, сақал сипап... баланы "жұтуға" әзір!

...Мұны доғару керек. Егер молда мектепке келсе, балаларды оған жіберудің қажеті жоқ. Одан гөрі өзіңіз балаңызға Қазақтың бір МАҚАЛЫН үйретіңіз - сол пайдалы!

Әбдірашит Бәкірұлының 

Facebook-тегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1026
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 895
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 675
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 752