Жұма, 3 Мамыр 2024
2915 0 пікір 12 Қараша, 2018 сағат 11:19

Өзбекстан билігі Ресейдегі 170 мигранттың еліне қайтуына жағдай жасайды

Ресейде шетелдік азаматтарды уақытша ұстау мекемесінде отырған 170 өзбекстандықтың еліне қайтуына Өзбекстан билігі жағдай жасамақ.

Бұл жөнінде Facebook әлеуметтік желісі арқылы Өзбекстанның еңбек министрлігі мәлімдеді.

Мәлімдемеде еңбек министрінің бірінші орынбасары Эркин Мухитдинов бастаған делегация Ресейдің шетелдік азаматтарды уақытша ұстау мекемесіне барғаны айтылады. Онда қазір 170 өзбек азаматы бар екен.

«Өзбекстан делегациясы олармен әңгімелесіп, жағдайларымен танысты. Оларға елге оралуға көмектесетінін жеткізді», – делінген еңбек министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 937
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 789
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 639