Жұма, 3 Мамыр 2024
3266 0 пікір 1 Қараша, 2018 сағат 10:11

Ауған шенеуніктері мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Ауғанстан әскерінің тікұшағы республиканың батысында сәрсенбі күні апатқа ұшырады. Апат Фарах провинциясындағы Анар-Дара қаласына жақын маңда тіркелген.

Ауған әскерінің Фарах провинциясындағы ресми өкілі Нурулхак Холики тікұшақта шамамен 20 адам болғанын хабарлады. Олардың арасында Фарах провинциясы кеңесінің басшысы Фарид Бахтавар, провинция кеңесінің мүшесі Жамила Амини және 207-әскер корпусының қолбасшысы Негматуллах Халил болған.

Холикидің айтуынша, тікұшақ Гератқа ұшып бара жатқан, ауа райының қолайсыздығына байланысты ол тауға соғылған.

Жолаушылардың тағдыры туралы мәлімет әлі түспеді, деді ауған әскерінің өкілі. Бірақ жергілікті ақпарат құралдары апаттан ешкім аман қалмағанын хабарлап үлгерді. Апат себептері анықталып жатыр. Анордара ауданына құтқарушылар тобы жеткізілді.

Бұл уақытта, Ariana News порталы апат жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мойнына алғанын хабарлаған. Тәліптер әскери тікұшақты "содырлар атып түсірді" деген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 806
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 629
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 506
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 516