Жұма, 3 Мамыр 2024
3578 2 пікір 1 Қараша, 2018 сағат 10:08

Мұнай өндіруден АҚШ Ресейді айналып өтті

Қыркүйек айында Құрама Штаттар мұнай өндіру жағынан Ресейді айналып өтіп, күніне 11,346 миллион баррель өндірді. Bloomberg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей орта есеппен күніне 11,21 миллион баррель өндірген.

Бір жыл ішінде АҚШ-та мұнай өндіру күніне 2,1 баррельге өскен. Мұнай өндіру әсіресе ең ірі мұнай кеніші Нью-Мексико штатында өсіп жатыр.

Бірақ сарапшылар бұл лидерлік әзірге ұзаққа бармайды деп отыр. Себебі, Ресей мен Сауд Арабия АҚШ-тың Иракқа қойған санкциясына байланысты мұнай экспортының бірден түсіп кетуін алдын алу үшін, мұндай өндіруді кеңейтіп жатыр.

Болжам бойынша, 2030 жылға қарай АҚШ күніне 16,5 млн баррель өндіреді. Citigroup сарапшыларының мәліметі бойынша, келер жылы отандық өндірушілер АҚШ-тың мұнай және мұнай өнімдеріне деген сұранысын толық қамтамасыз етеді.

АҚШ бірнеше жылдан бері әлемде энергия өндіру жағынан ірі өндіруші болып келеді. 2009 жылы Құрама Штаттар табиғи газ өндіруден Ресейді басып озған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 846
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 696
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 545
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 550