Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 3768 13 пікір 25 Қазан, 2018 сағат 12:45

Мардымсыз айлық алатын полиция қызметкерлері пара алмағанда не істейді?

Полицейлерге жаңа форма әпергеннен, олардың жұмысы жақсарып пара алуды тоқтады деп отырсыздар ма?
Олардың формасын ауыстырғанша, олардың айлығын көтеріңдер! Біздің үкімет полиция қызметкерлерін пара алуға өздері итермелеп отыр!

Нақты фактімен жазайын.
Айлықтары 100 мың мен 75 мың теңгенің арасы.
Ал есептеңіздер 50 мың теңгеден жоғары пәтерақы, 15-20 мың теңге коммуналдық қызмет ақы, егер үйленген болса азық түліктің өзіне бір айға жәй отбасыға 50 мың теңге кетеді. Бала бақша ақысы тағы бар. Қосымша жол пұл, майда шүйде шығынға бір айға 20 мың теңге деп алайық. Айына бір полиция қызметкеріне 250 мың теңгедей шығын кетеді. Үкімет оларға үй бермейді, зейнетақы қорын жүргізбей тастады.

Сонда, мардымсыз айлық алатын полиция қызметкерлері пара алмағанда не істейді? Айлықтан айлыққа жету олар үшін оңай емес! Солардың бір пара алғысы келіп алады дейсің бе?

Миллиондап жеп отырғандар үшін бұл проблема емес шығар, ал тиындап алып отырғандар үшін бұл үлкен проблема. Реформа жасағыларың келсе полиция қызметкерлерінің айлығын көбейтіңдер! Сол кезде қылмыс та азаяды ешқандай реформа да керек емес!

Айгүл Орынбектің facebook парақшасынан

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 377
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 211
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 207