Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4070 4 пікір 24 Қазан, 2018 сағат 10:53

Қазақстандағы комсомолдар кімді басынады?

«Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрында бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік Жастар Одағының 100 жылдығына орай мерекелік концерт өтті. Үлкен сахнаның дәл төрінде күн көсем – Лениннің бейнесі тұр. Ал егемен елдің әскерлері қолына комсомолдың туын көтеріп тұр.

Сонда біздің сарбаздарымыз қай елдің туын қорғауы керек? Тәуелсіз Қазақстанның ба, әлде Кеңес одағының ба?! Айта кетерлігі, аталған жиынға Қазақстан коммунисттік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Жамбыл АХМЕТОВ, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, депутаттар Қуаныш Сұлтанов пен Серік Сейдуманов, сенаторлар Бақытжан Жұмағұлов, Бірғаным Әйтімова қатысты»(www.abai.kz  Қуаныш Қаппас, 22.10.2018ж).

Кеше қызыл империя тұсында 4,5 миллин Қазақты қырып тастаған қанішерлердің бүгінгі ұрпақтары немесе іздерін жалғастырушы: Ж. Ахметов, И. Тасмағамбетов, Қ. Сұлтанов, С. Сейдуманов, Б. Әйтімова. Б. Жұмағұловтардың тәуелсіздіктің алтын бесігі Алматыда айды аспанға шығарып, есіргендерін қалай түсінуге болады. Сонда бұл «құдайларға» тәуелсіздіктің құны бес тиын болғаны ма?

Сонда бұл Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне түкірдік деп отырғандай сұмдық мінез көрсеткен лениншіл қызыл комсомолдар кімді басынып отыр?

Мемлекет тәуелсіздігін қалыптастырушы ҚР президенті Н. Назарбаевты ма? Әлде ол кісі бұларға «тойлай беріңдер» деген бе? Кеше әйгілі Желтоқсанда Г. Колбинге ашық жарамсақтанған Әйтімованы кім білмейді. Мәңгілік депутат Қ. Сұлтановтың Қазақстан комсомолын басқарғанын, оның тұсында талай желтоқсаншылардың қатаң жазаланғанын, олар ұмытқанымен көзі тірі желтоқсан қаһармандары әлі ұмытқан жоқ.

ҚР президенті маңында осындай екі жүзді саясаткерсымақтар жүргенде мемлекеттік тіл, ұлттық дін, қазақтың ақуалы ешқашан да жақсармайды деген сөз. Бұлар кез келген уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін тәрк етіп, ана көзін алартып отырған Ресейге немесе қызыл Қытайға бағына салатындай әсер етеді екен.

Иә, бұл қызыл комсомолдарда  ұлттық намыстың мүлдем жоқ екенін бүкіл қазақ өз көзімен көріп, олардан теріс айналғаны анық.

Мен ішімнен: «құдай бұлар сияқты екі жүзділерден ұлтымызды, тәуелсіздігіміз сақтай гөр!»-деп сан қайтары  тілек тілей бердім...

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 292
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 146
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 141