Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3218 0 пікір 16 Мамыр, 2009 сағат 23:44

«Бригаданың» біздің елдегі «Көлеңкесі»

Ресей сонау тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көгілдір экраннан көрсетіп, көпшіліктің көңіл қалауын тапқан қып-қызыл қырғынға толы көркем фильмдер бізге енді жетті. Дәл қазір Қазақстан кинематография саласында криминалды боевик жанрының дәуірі жүріп тұр. Миллион доллардан астам пайда әкелген «Рэкетир» фильмінен кейін елдегі сұраныстың иісін сезген кино мамандары атыс-шабысты ашық бейнелейтін «Көлеңке» атты және бір боевикті дүниеге әкелді.

Ресей сонау тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көгілдір экраннан көрсетіп, көпшіліктің көңіл қалауын тапқан қып-қызыл қырғынға толы көркем фильмдер бізге енді жетті. Дәл қазір Қазақстан кинематография саласында криминалды боевик жанрының дәуірі жүріп тұр. Миллион доллардан астам пайда әкелген «Рэкетир» фильмінен кейін елдегі сұраныстың иісін сезген кино мамандары атыс-шабысты ашық бейнелейтін «Көлеңке» атты және бір боевикті дүниеге әкелді.

Алғашқы тұсауы Астанада кесіліп, жұрт назарына ұсыныла бастайтын бұл фильм өзіміз жалпақ тілмен атап кеткен бандиттік өмірді түгел қамтиды. Зұлымдық пен қайырымдылықтың, жақсылық пен жамандықтың текетіресіне құрылған «Көлеңкенің» негізгі идеясы турасында режиссер Ренат ЕЛУБАЕВ былай дейді: «Біз қылмыстың ешқашан жақсылыққа жеткізбейтіндігін көрсеткіміз келді. Жауыздық жасаған адам, ақыр-соңында сол жауыздыққа өзі де тап болады».

Фильмнің желісі бойынша, ауылдан шыққан қара домалақ жігіттер табыс табу үшін Астанаға келеді. Онда олар ұрлық-қарлықпен, бопсалаумен айналысады, қаладағы баскесерлермен төбелесіп, қарақшылық жолға түседі. Турасын айтқанда, орыстардың «Бригада», «Бандитский Петербург», «Бумер» сынды өткен ғасырдың соңында жарыққа шығып, талайды тамсандырған боевик киноларынан еш аумайды. Басты рөлдерде де сол баяғы қырын келгендерді қырып-жойған бандиттер.

Бұған қарап отырып кез-келген фильмнің өзегінде өмір шындығы жатады дегенге лажсыз көнесің. Расында да алғаш тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанда ғана емес, Кеңес құрсауынан босаған бұрынғы одақтас елдердің бәрінде осындай қарақшылар қаптап кеткен-тін. Кинематографиясы бізден көш ілгері озып кеткен көрші Ресейде бұл сурет сол тоқсаныншы жылдарда көрсетіліп қойған. Орыстар қазір ұсақ-түйек рэкетсымақтарды «дәріптеуін» доғарып, мемлекет басындағы қылмыскерлерге көшкен. Соңғы уақытта айналымға енген ресейлік фильмдердің барлығы да жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы сыбайластық пен қылмыстық қарекеттерді ашық баяндайды. Отандық көрерменнің өкінішіне қарай мұндай түсірілімдер әзірге біздің кинопрокатта жоқ. Әрине, жұрттың аузынан суын ағызатындай керемет фильм түсіруге негіз боларлық тұлғалар қазақстандық билікте жетіп артылады. Қазіргі билік басында жүргендерді айтпағанда, алысқа бармай-ақ, әлемдік проблемаға айналған Рахат ӘЛИЕВтің, тым құрығанда күн сайын жемқорлықпен ұсталып жатқан «нұротандық» шекпенділердің прототипін алып, кино түсірсе Голливудтың бас жүлдесі қазақтардың қанжығасына байланбай ма?! Сондықтан қазақ киносымен әлемді мойындату үшін ауылдан шыққан бандиттердің емес, Астанадан шыққан ақсүйек ағайлардың арасындағы атыс-шабысты суреттесе, міне, нағыз боевик сонда шығады.


«ҚАЗАҚСТАН» апталығы, №17 (257), 7-мамыр, 2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 737
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 555
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 457
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 473