Жексенбі, 28 Сәуір 2024
2502 1 пікір 16 Қазан, 2018 сағат 10:52

Алматыда мэрлер бас қосуы өтеді

Алматыда мэрлер мен саяси көшбасшы­лар­дың қатысуымен алқалы жиын өтеді. Онда қала­лардың алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі және ден­саулық сақтау шарасына көпшілікті  кеңінен тарту жөніндегі мәселелер талқыланады. Бұл туралы Алмсаты ақшамы гәзеті хабарлайды. 

Аталған шара Алматыда қол қойылған алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық декларацияның 40 жылдығына орай­ластырылған, әрі бұл құжат көпшіліктің денсаулығын қамтамасыз етудің стратегиялық негізіне айналған.

Айта кетерлігі, бұл декларация Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» атты еуропалық желісін  құруда маңызды рөл атқарды.

Сол кезден бастап жергілікті қоғамдастықтар базасы негізінде жұмыс  істейтін алғашқы медицина­лық-санитарлық көмек көрсету жүйесі көпшіліктің  денсаулығын жақсартудың құрамдас бөлігіне айналды. Алматы  декларациясының  мұрасын одан әрі кеңей­те түсетін саммит қалалар мен өңірлердің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі рөлі, сау қалалардың қоғамдағы денсаулық сақтау ісіне тигізетін оң ықпалы,  көші-қон ісіне қатысты әлеу­меттік әділет­тілікті қалыптастыру және түрлі пробле­маларды шешу сияқты маңызды мәселелерді  талқы­лайды. Саммиттің қорытындысы бойынша мэрлер­дің Алматы үндеуі  қабылданады.

Қалалар әкімшіліктерінің 100-ден астам өкілі қаты­сатын форум Алматыда биылғы 23-24 қазан аралы­ғында өтеді әрі Астанада болатын алғашқы медици­налық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі Жаһандық конференцияның бастауына айналады.

Abai.kz

1 пікір