Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
46 - сөз 4231 0 пікір 12 Қазан, 2018 сағат 15:01

Шәй ішіп кетсін

Біздегі мәжіліс пен сенаттағы 155 депутаттың 45–і зейнет жасынан асып, желкелерін қасып, айлықтары мен зейнетақыларын жамбастарына басып, бір–бірін иықтарымен қағысып, кресло шіркінге аш кенедей жабысып, тәлтіректесе де тәбеттері таудай болып жүр екен.
Менің көз алдыма сенат пен мәжілістегі жиындар былай елестейді:
Тыныштық. Бір кезде сексендегі сенатор күрк–күрк жөтеліп, білім министріне сауал тастады:
–Әй шырағым, атың кім еді?
–Білімбай Мектепбаев.
–Көзім онша көрмей тұр, сен басқарған министрлік мектептерге онша көңіл бөлмей тұр. Шөберемнің сөмкесіндегі кітаптар он киләдан асып кетті, сөмкесін көтере беріп, жүре алмай, отырып қала бергеніне миым ашып кетті. Соны реттеуге бола ма, осы сұрағым миыңа қона ма? –деді. Деді де, алдындағы ботқадан бір қасық жеді.
Тоқсандағы депутат сөйлей алмай, ауызын кемсеңдетті де, жылап алды, өзгелердің көңілдері босап, көздерін көз жастарымен шылап алды... Ал, жүз ондағы депутаттің бірдеңе айтқысы келді, кешкі бес болмай, үйіне қайтқысы келді:
–Менің айтайы... аАйтай. Айт, Ааа... –деді де, сол отырған күйі қайтыс болып кетті. Депутаттар қол шапалақтады. Өйткені, оның орнына жастар емес, жүз елудегі қария депутат болып сайланатын болды, оның да қуарып қалған мұрты майланатын болды. 150 жастағы депутатты қол арбасымен көтеріп келу күн тәртібіне қойылды. Бір кезде жасы жетпісті алқымдаған мәжіліс төрағасы дауыстады:
–Қалтаңбай Селкілдегенұлы, сіз не істеп отырсыз? –деп сұрады.
–На... Насыбай атып...
–Жан–жағыңызға түкіре бермесеңізші?
–Менің бетіме түкіріп салды, –деп жылап қалды жанында отырған 99 жастағы әже депутат. Жетпістегі «жігіттей» зейнеткер депутат пырылдап ұйықтап жатты. Тағы бір шал депутат кеше ет жеген екен, соны жұта алмай, әлі шайнап отыр, бірақ көздері жасаурап, қуығы қайнап отыр. Тағы бір қартымыз сақалын тарап отыр, оның жанындағы әже депутат есінеп қойып, жан–жағына манаурай қарап отыр.
Кешіріңіздер, қиялым менің осындай, қабыл алыңыздар, парламенттегі әжелер мен аталарды шошынбай! Ертең бәрін шәйға шақырмасам ба?

Мұхтар Шерімнің facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 512
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 290
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 290