Жұма, 3 Мамыр 2024
Жолдау - 2018 3370 0 пікір 6 Қазан, 2018 сағат 14:45

Азат Перушаев: Жолдауда көрсетілгендей ішкі нарықты қолдау тетіктерін дайындау керек

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып, бұқаралық тұтыну тауарлары бойынша ішкі нарықты қолдау тетіктерін әзірлеу керек.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан «Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалциясының отырысында «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев атап өтті.

«Ақ Жол» партиясына әлбетте, кәсіпкерліктің дамуына негізделген блок өте маңызды болып отыр. Салықтық амнистия туралы айта кетейін. Салықтық амнистия туралы Жолдау барысында Президент «бірыңғай сызып тастау емес, айыппұлдар мен өсімпұлдардың амнистиялау» туралы айтып өтті. Бұл өте керемет бастама. Неліктен екенін айтып берейін. Бүгінгі таңда ірі және орта бизнеске қатысты салықтық тексеріс салықтық есеп алу кезінде айыппұлға әкеліп соғатын қателіктің барын анықтап, соңғы бес жыл мерзімімен бірге айыппұлдың мөлшерінен төрт есе көп алашақты төлеуге міндеттеуі мүмкін. Осылайша, кәсіпкер банкротқа ұшырау жағдайына жетеді», - деді «Ақ Жол» демократиялық партиясының төрағасы.

Азат Перуашев осы мәселені шешу үшін «Ақ Жол» партиясы Үкіметке бірнеше рет шыққанын атап өтті.

«Мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында бұл мәселені жаңаша тәртіпте қарау мүмкіндігі туып отыр. Әріптестеріме үндей отырып, кәсіпкерлердің құқығы үшін маңызды қадамдар жасауға шақырамын. Екінші маңызды мәселе - экономикалық саясаттың бағыты. Бізде ішкі нарықтың мүмкіндіктері бағалана бермейді. Кез келген дүкенге кірсеңіз, импортқа тәуелділік 60-тан 80 пайызға көрсеткішке ие екенін байқауға болады. Неліктен пластик қаламды Қытайдан алып келуіміз керек? Тіс щеткасын да шығара алмаймыз ба? Міне, сондықтан Президенттің Жолдауында көрсетілген тапсырмалар бұл мәселеге мән беруге шақырады. Үкімет осы мәселені назарға алса, біздің фракция да жұмыла кіріседі. Үкіметке бұқаралық тұтыну өндірісіне негізделген ішкі нарықты қолдауға арналған тетіктерді табуға көмектесу керек», - деді Азат Перуашев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 905
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 591
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 596