Жұма, 3 Мамыр 2024
3304 0 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 14:46

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл азаматтарды бейнеконференция тәртібінде қабылдады

Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарынан өтініш білдірген азаматтарды бейнеконференция тәртібінде қабылдады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Қазақстан РеспубликасыПарламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қоғамдық даму, ішкі істер министрліктерінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қабылдау барысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштері қаралды. Өтініштерде бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде лайықты білім алу, денсаулық қорғау, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншы болу мен қамқорлыққа алу, мектепте, сондай-ақ оқу орындарынан тыс жерлерде (ашық құдықтар) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналары ажырасқан кезде балалардың тұрғылықты жерін және олармен қарым-қатынасты анықтау және басқа да мәселелер көтерілді.

Тұрғындарды қабылдау кезінде барлық өтініштер бойынша оң шешім қабылданды. Бейнеконференция барысында қойылған сұрақтарға бейнебайланыста болған облыс әкімшілігінің көмегімен жауап берілді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл С.Айтбаева жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің назарын тұрғындар арасында тиісті ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізу, балалар мен отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету қажеттілігіне аударды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл осындай қабылдауды тоқсан сайын өткізетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 808
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 632
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 506
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 517