Жұма, 3 Мамыр 2024
3741 6 пікір 26 Қыркүйек, 2018 сағат 10:23

Қазақстан Қытайдан әскери ұшақ алады

Қытай Қазақстан қарулы күшіне Shaanxi Aircraft Corporation компаниясы жасап шығарған Y-8F200W әскери-көлік ұшағын бермек.

Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін талдайтын Jane's 360 сайты ТМД елдері ішінен Қазақстан Y-8F200W ұшағын бірінші болып қолданғалы жатыр деп хабарлайды.

Бірқатар БАҚ-тың жауынша, Ұлттық гвардияға (ІІМ құрамына кіреді) тиесілі болатын ұшақ 26 қыркүйекте Астана әуежайына қонады. Y-8F200W базалық нұсқасынан 2,2 метрге ұзын. Ол дайындалмаған ұшып-қону жолдарын пайдалана алады әрі әскер қызметкерлері мен жабдықтарды тасуға арналған.

Қытай әскери ұшағын қанша ақшаға алғаны жөнінде ашық ақпарат жоқ. Бірақ былтыр желтоқсан айында Қазақстан ішкі істер министрлігінде өткен отырыста министр Қалмұханбет Қасымов игерілмеген 16 млрд 95 млн теңге (47 млн доллар шамасында) Қытайға әскери ұшақ сатып алу үшін жұмсалады деген.

Қытайдан Қазақстанға әскери ұшақ жіберілетіні жайында қыркүйек айының басында Қытайдың әскери кеңесінің төраға орынбасары Сюй Цилянның Астанаға сапары кезінде мәлім болды. Батыс ақпарат құралдары Сюй Цилянның Орталық Азияға сапары жайында Бейжің аймақтағы қауіпсіздік мәселесін күшейтіп жатыр деп жазды. Қазақстанда Сюй Цилян сенат спикері Қасым-Жомар Тоқаевпен және қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 760
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 473
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 482