Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 4402 0 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 14:44

Қоғамдық кеңес. Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады

Ұлт жоспары – Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 99 нақты қадамын орындау мақсатында 2015 жылғы 2 қарашада Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен өкілеттілігін анықтайтын «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы қабылданды.

Осы қоғамдық кеңестер арқылы Қазақстанның кез-келген азаматы мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық негізде үн қоса алады. Яғни, мемлекеттік органдардың қандай да бір шешімдерді қабылдауына ықпал етеді.

Ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді, халықтың мұң-мұқтажын тікелей билік өкілдеріне жеткізуші механизмнің рөлін атқарады.

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес қоғамдық кеңестер республикалық және жергілікті деңгейде құрылады.

Осыған байланысты 2016 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан да Әділет органдары қызметінің мәселелері бойынша қоғамдық кеңес құрылды.

Қолданыстағы Заңынамаға сәйкес өз жұмысын бастаған Қоғамдық кеңестің құрамына Әділет министрлігінің жұмысын жақсы білетін әр-түрлі қызмет салаларының өкілдері кірді, олар қоғам және мемлекет қайраткерлері, заңгерлер одағаның төрағасы, танымал адвокаттар, төрелік қызметкерлері, сенім білдірілген өкілдер, білімімен, практикалық тәжірибиесімен құқықтық саладағы қызметте барабар баға беріп, ұсыныстар ұсына алатын басқа да заңгерлер енгізілді.

Қоғамдық кеңестің мүшесі болып олар Министрліктің және оның аумақтағы құрылымдарының қызметін тереңірек және жан жақты түсінді.

Қоғамдық кеңестің мақсаты мен міндеттері туралы жігін ажыратып айтатын болсақ-ол Әділет министрлігінің қызметіне қатысты қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікірін білдіру, осы ұйым қызметінің мақсаты болып табылыды.

Қызметтік міндетіне қатысты оның ауқымы - біріншіден азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру, шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұршылықтың пікірін ескеру, екіншіден Әділет министрлігінің азаматтық қоғаммен өзара іс қимыл жасауын дамыту, үшіншіден - қоғамдық бақылауды жүргізу мен ұйымдасытыру нәтижесінде Әділет министрлігі қызметінің тиімділігін, ашықтығын, және айқындығын арттыру, қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, осы органдардың қызметіне сенім денгейін арттыру, қоғам мен мемлекет арасында қайтымды байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеліністердің алдын алу және оларды шешу мінтеттері басшылыққа алынған.

Осы міндеттерді атқару мақсатында өткен жылы Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес нотариустар мен адвокаттардың іс-әрекетіне жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарастыру бойынша талдауды, бағдарламалық қамтамасыз етушілерге құқықтарды қорғау мәселелерін, мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі бойынша Әділет министрлігінің талдауын, Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың нәтижесін және т.б. талқылау бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Аса маңызды деп танылған мәселелерге тоқталатын болсам, ол Әділет министрінің Қоғамдық кеңес пен халық алдында есеп беруі. Тыңдағаннан кейін есеп қабылданды. Сонымен қатар азаматтардың және заңды тұлғалардың мүдделеріне тікелей қатысты көптеген мәселелер жан жақты талқыланды.

Жалпы 2016 жылы Әділет органдары қызметiнiң мәселелерi жөніндегі Қоғамдық кеңестің 7 отырысы ұйымдастырылды және өткізілді, оларда әділет органдарының қызметіне қатысты 22 мәселе қарастырылды.

Қоғамдық кеңестер туралы заңына сәйкес Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысады.

Осыған орай, Әділет министрлігімен әзірленген 43 нормативтік құқықтық актілер қарастырылып, бірауыздан мақұлданды (2 - Қазақстан Республикасының Заң жобасы, 13 - Үкімет қаулысының жобасы, 28 - Әділет министрінің бұйрықтар жобасы).

Сонымен қатар, заңнама талаптарына сәйкес Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

Қазіргі таңда Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасымен оның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Жоспармен ағымдағы жылы Әділет министрлігінің қызметіне қатысты көптеген мәселеларді қарастыру көзделген, сонымен қатар Қоғамдық кеңсетің қызметін түсіндіру мақсатында Әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің бұқаралық ақпараттар құралдарында сөз сөйлеу жоспары бекітілген.

Бүгінгі таңда қоғамдық бақылау рөлінің күшеюіне орай Қоғамдық кеңес әділет органдары қызметінің көптеген бағыттарында саясатты қалыптастыруға толық құқықты қатысушы бола алады.

Қоғамдық кеңестер бір жыл бұрын ғана құрылды, осыған байланысты өткен жыл олардың қалыптасу жылы болды.

Өткен жылы атқарылған жұмыс Қоғамдық кеңестерге белгілі бір тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Бұл тұрғыдан алғанда Қоғамдық кеңес мүшелерінің тәжірибесі мен білімін Министрлік қызметінің негізгі мәселелерін шешуде ұтымды және тиімді пайдалануға болады.

Сөзімді түйіндей келе айтарым, қоғамдық куымдастықтар, азаматтар мен заңды тұлғалар бүгіңгі мемлекет жүргізіп отырған мемлекеттік саясат пен қоғамға қатысты өз ой пікірлерін қоғамдық кеңес арқылы жеткізе алады.

А.Кенжалиева

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 815
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 627
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 684