Жұма, 3 Мамыр 2024
3184 1 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 11:10

Путин мен Нетаньяху Сирияға С-300 зымыранын жеткізуді талқылаған

Ресей президенті Владимир Путин мен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сирияға С-300 зымыранын жеткізуді талқылаған. Кремль екі ел лидерінің телефон әңгімелері Израиль бастамасы бойынша болды деп мәлімдеді.

Путин Мәскеу қабылдаған шешім Сириядағы жағдаймен сәйкес келеді деп атап өткен.

Нетаньяху C-300 зымыранын "жауапсыз адамдарға" беру аймақтағы қауіпсіздікке кері әсерін тигізіп жатыр деген. Ол Израиль өзінің мүддесін қорғайды деп атап өткен.

Таяуда Израильдің Сириядағы әскери-әуе күштерінің әрекеті ресейлік Ил-20 ұшағының құлауына, экипаждағы 15 адамның қаза болуына әкелген.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон ресейлік С-300 зымыран кешенін Сирияға жеткізу Мәскеудің қателігі болып саналады деді.

Осыған дейін Ресей екі апта көлемінде Сирия президенті Башар Асад әскеріне С-300 зенит-зымыран кешенін жібереді деп хабарланған. Бұл жөнінде РФ қорғаныс министрі Сергей Шойгудің өзі мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 918
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 771
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 599
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 617