Жұма, 3 Мамыр 2024
4440 3 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 10:45

Ақтауда "ҚДТ чаты" үшін, күйеуінің артынша әйелін соттап жатыр

Ақтау қалалық соты 24 қыркүйекте елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының telegram-чатына қатысқаны үшін сотталған Абловас Жұмаевтың әйелі Айгүл Ақбердиеваға қатысты істі қарауды бастады.

38 жастағы Айгүл Ақбердиева "Билікті басып алмақ болды, Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертпек болды" деп айыпталып жатыр.

Айгүл Ақбердиева өзінің қылмыстық іспен таныспағанын айтып, соттан оның орыс тіліндегі көшірмесін, әсіресе сот сараптамасының орыс тіліндегі нұсқасын беруді сұрады. Ол сонымен қатар жуырда ғана күйеуі үш жылға сотталғанын, сот кезінде күйеуінің әкесі қайтыс болғанын айтып, сотқа дайындала алмағандықтан процесті кейінге қалдыруды сұрады. Ақбердиева бұған қоса кәмелетке толмаған қызы Жансая Қуандықтан да куәгер ретінде жауап алуды сұрады.

Адвокат Жанар Сүндетқалиева оның сөзін толықтай қолдап, соттан қылмыстық істің орыс тіліндегі аудармаларымен танысуға рұқсат беруді сұрады.

Судья сотталушының сот материалымен таныспағанын прокурор Ермек Нұрбергеновтің кемшілігі екенін айтып, прокурорға іс материалын дайындап беруді тапсырды.

Судья сотталушы жасаған өтініштердің бәрін қанағаттандырып, сот процесі келесі дүйсенбі - қазанның 1-інде жалғасатынын хабарлады.

Айгүл Ақбердиеваға қатысты қылмыстық іс 26 маусымда қозғалған. Тергеушінің айыптау актісінде Айгүл Ақбердиеваның 2017 жылдың желтоқсанында Instagram әлеуметтік желісінде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қосылуға үндеген бағдарламасымен танысқан соң онда билікке қарсы пікір пайда болғаны туралы айтылған. 2018 жылдың ақпан айында "Айкена", "Айкен", "Айгөлек" никтерімен Telegram желісіндегі "ДВК активист" тобына тіркеліп, билікті құлатуға шақырған бірнеше хабарлама жазғаны көрсетілген.

Айгүл Ақбердиеваның күйеуі Авлобас Жұмаевты Ақтау қалалық соты қыркүйектің 20-cы күні "рулық, әлеуметтік алауыздық тудырды", "билікті күштеп құлатпақ болды" деген айыптарман үш жылға бас бостандығынан айырған еді. Абловас Жұмаевтың өзі айыбын мойындаған жоқ.

Наурыздың 13-інде Астана соты Бас прокуратураның арызы бойынша қуғындағы оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов басқаратын ҚДТ қозғалысын "экстремистік ұйым” деп танып, қызметіне тыйым салған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 684
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 479
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 417
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 419