Жұма, 3 Мамыр 2024
3496 0 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 10:42

Қырғызстанда АҚШ елшілігіне мәлімет берген ІІМ офицерлері сотталды

Қырғызстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) АҚШ елшілігіне мәліметтер берген бұрынғы және қәзіргі қызметкерлердің сотталғаны жөніндегі ақпаратты растады.

ІІМ баспасөз хатшысы Бақыт Сеитов жауапқа тартылғандар кезінде ІІМ-де жұмыс істеген дейді. «Ия, оның біреуі кезінде бізде [ІІМ], сосын америкалық елшілікке жұмысқа тұрған секілді. Оның ІІМ-де таныстары қалған. Солардан ақпарат алып отырған. Мен мұны өз көзіммен көргем», - деп атап өтті Сеитов.

Жоғарғы сот іс Бірінші май аудандық сотында өткенін, бірақ сот шешімі мемлекеттік құпия ретінде жарияланбайтынын хабарлады. АҚШ елшілігі болса, бұл мәліметке түсініктеме бермеді.

«Дело №» газетінің 19 қыркүйектегі санында «Қырғызстанның ІІМ офицерлері АҚШ елшілігі үшін тыңшылықпен айналысқан» деген мақала жарық көрген. Онда қазір АҚШ елшілігінде күзетте жұмыс істейтін ІІМ бұрынғы қызметкерлері Самат Шерипбеков пен Кумарбек Чалданбаев және ІІМ-нің қәзіргі офицерлері Мирлан Тойчиев пен Эмилбек Карачев «шетелдік ұйымға ақпарат жинап отырған» деп айыпталғаны жазылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 883
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 745
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 582