Жұма, 3 Мамыр 2024
3425 1 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 10:33

Шаһар шаруашылығы. Алматы халқы 2030 жылы 5 миллионға жуықтайды

Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис екені белгілі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы да Алматы Республика бюджетінде ең маңызды рөл ойнайтынын айтады. Бүгінде шаһар шаруашылығы бүгінде жолға қойылған.  Мысалы, жеке тұрғын үй секторы мен жылу энергетика кәсіпорындарын газбен қамту жүргізілуде. Бұған қоса жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге шамамен 80 км газ желісі тартылған екен. Алатау және Әуезов аудандарындағы білім және денсаулық сақтау объектілерінің 15 автономиялы қазандықтары табиғи газға көшірілген.

Сонымен мегаполисте атқарылған жұмыстардың бірсыпырасын біз де шолып шықтық.

- Алматы қаласын үзіліссіз газбен жабдықтау үшін 2-ГТС қуаттылығын сыртқа шағыру бойынша жобаны іске асыру шеңберінде 2014-2015 жылдары қаланың шығыс бөлігінде 28 км айналма газ құбыры салынды;

- көлік стратегиясын іске асыру шеңберінде қоғамдық жолаушылар және коммуналдық көлікті экологияландыру бойынша шаралар қабылдануда;

- 2015 жылдың 18 сәуірінде Алматы метрополитенінің тағы 2 стансасы пайдалануға берілді: Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында «Мәскеу» және «Сайран» стансалары; метро вагонының 7 құрамы жұмыс істеуде, жолаушылар легі тәулігіне 40 мың адамға дейін артты (2014 жылы тәулігіне 24 мың адамды құраған). Метрополитенді пайдалану үшін 2015 жылы жергілікті бюджеттен 3,7 млрд. теңге бөлінді.

Метроның бірінші желісінің екінші кезегінің екінші іске қосу кешенін салу бойынша жұмыстардың шеңберінде (2017-2019 жж.) жер телімдерін алып қою және сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Жол Абай даңғылының астымен Алтынсарин даңғылынан Яссауи даңғылына дейін батысқа қарай салынатын болады (терең орналасқан «Сары арқа» стансасы және жер бетіне жақын орналасқан «Достық» стансасы);

- Троллейбус бағыттары оңтайландырылды, 11 троллейбус бағытының орнына 8-і жұмыс істеуде, онда 176 бірлік троллейбус (теңгерімдегі 215-тің) қызмет көрсетуде. Трамвайлардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларына байланысты, сондай-ақ жолдарының жағдайы қанағаттанарлықсыз болғандықтан, оларды пайдалану уақытша тоқтатылды;

- тұрғындарға қызмет көрсету үшін КТГ-мен жүретін 400 бірлік такси сатып алынып, «Эко-Такси» жеке тасымалдаушыға берілді;

- ШЖҚ «Алматы тазалық» КМК-да 33 бірлік коммуналдық арнайы техника компримирленген газбен жұмыс істейді;

- 2013 жылғы 15 қаңтардан бастап қалаға кіре берісте көліктерден шығатын улы газ және түтіннің улылық нормасына бақылау жүргізетін 13 экологиялық пост жұмыс істейді. 2015 жылы 34 557 көлік жүргізушісі түтін мен улы газ нормасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде қалалық – 10211 және сырттан кіргендер – 24346; қайтара ұсталғандар - 2333), жалпы сомасы 146 333 042 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, оның шінде өндірілгені 95 929 973 теңге (өткен жылдардағыны қоса есептегенде).

жанар-жағармай құю стансаларында (ЖҚС) сатылатын көлік жанармайларының сапасына мониторинг жүргізілуде, 2015 жылы 179жанармай құю стансасынан жанармайдың және дизельді отынның сынамалары сатып алынды. Оның ішінде 36 ЖҚС-дан алынған 48 сынымада (30 сынама – бензин, 18 сынама дизельді отын бойынша) жанармайдың октан саны және жарқылдау температурасы бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес еместігі анықталды. Қабылданған өзара іс-қимыл тетіктеріне сәйкес заң бұзушылар туралы мәліметтер мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасына жіберілді;

Алматы қаласының аумағында Бірыңғай автоматтандырылған паркинг жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізілуде. Солтүстік айналым көшесінің бойында, сауда базарларының іргелес аумақтарында 2797 орындық көлік қоюға арналған алаңдық үлгідегі 9 тұрақ ұйымдастырылды және пайдалануға берілді. Пайдаланушы ұйым «Алматы ХХІ ғасыр» ЖШС (алаңдық үлгідегі автотұрақтың жалпы алаңы - 3,5578 га, 600 көлік орны) жергілікті бюджетке 2014 жылғы шілдеден 2015 жылғы желтоқсан аралығында 9 963 000 теңге аударды. «Байсат» ЖШС және «Рикеа» ЖШС автотұрақтарынан жергілікті бюджетке ақша қаражаты жылдың соңына дейін түседі деп күтілуде.

Алматы қаласының аумағындағы ақылы тұрақтар жүйесін жетілдіру, соның ішінде Алматы қаласының аумағындағы ақылы тұрақтарды басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленуде. Бірыңғай жүйе қабылданғанға дейін көшедегі коммуналдық тұрақтардағы төлем алынып тасталды. Көп деңгейлі паркингтер құрылысына ұсыныстар мен инвесторлар іздестірілуде.

- қаланың орталығында көлік қозғалысын шектеуді енгізудің нұсқалары пысықталуда. Я.Гейлдің ұсыныстарына сәйкес қаланың барлық аудандарында велосипед жолдарымен, спорттық жабдықтарымен 9 жаяу жүргіншілер аймағы, аумақтары көріктендіріле отырып, ұйымдастырылды. Алматы қаласындағы веложолдардың жалпы ұзындығы шамамен 24 км құрайды, соның ішінде қаланың орталық бөлігінде Абай даңғылының бойында - 2,4 км, Достық даңғылы - Жолдасбеков көшесі - Сәтбаев көшесі - Достық даңғылы шаршысындағы көшелердің бойында - 2,4 км, Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалпы ұзындығы 2,6 км велосипед жолдары ұйымдастырылған, Момышұлы көшесінің бойында 11,7 км, Рысқұлов даңғылы 3,0 км, Үлкен Алматы каналының бойында 1,1 км. Велотұрақтар орнату бизнес - құрылымдар және қоғамдық бірлестіктерді тартумен жүзеге асырылуда - барлығы сыйымдылығы 700-900 вело орын болатын шамамен 120 велотұрақ бар, соның ішінде Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының алдында (14 орынға) және Абай мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында (16 орынға) велосипедті жалға берудің автоматтандырылған пункті жұмыс істеуде. Болашақта кезең-кезеңмен жалға беру желісін 200 пунктке дейін кеңейту жоспарлануда.

- демеушілердің қаражаты есебінен жалпы сомасы 700 млн. астам теңгеге, жалпы пайдаланудағы жерлерде және аула ішіндегі аумақтарда 110 астам балалардың спорттық және ойын алаңдарын құру ұйымдастырылды. Оның 70 %-дан астамы қосылған аумақтарда және қаланың төменгі бөлігінде салынды.

Бұл Алматыда атқарылған шаруалардың бірсыпырасы ғана. 2017 жылғы ресми дерекке көз жүгіртсек, Алматыда 1,7 миллион адам тұрады. Мамандардың болжамынша Алматы халқы 2030 жылы 5 миллионға жуықтайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 796
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 611
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 496
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 508