Жұма, 3 Мамыр 2024
3111 0 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 10:14

Алматыда 222 мың зейнеткер тұрады

Бүгінде қай өңірге барсам да, мәуелі бәйтеректей болған шежірелі  қарттарды іздеп жан-жағыма жалтақ­тай­мын. Қазір шашына ақ кіріп, көп жасаған қариялар баршылық. Бірақ  орақ ауызды, шешен тілді ақсақалды көре алмай жүрмін. Қазіргі кезде адам­дарда бейнебір қарбаласу, жанталасу басымдырақ.

Жақында Алматыдағы қарттар үйінде болдым.  Қарттар үйінде 300-ден астам қарт мекен етеді екен. Зейнеткер­лердің қоғамдық өмірден оқшауланып қалуы елдегі барлық қариялардың ба­сын­дағы жағдай. Байқауымша, мұндағы қарттар­дың әлі де қоғамға берері бар, жас ұрпақ­қа өнеге бола алады.   Әлбетте, жандары жайсаң қарттардың тағдыры әрқилы. Дегенмен, олардың өмірден алған тәжірбиелері мол. Ертеңгі күнге деген сенімдері биік. Олар әрбір атқан таңға шүкіршілік айтып, айналасына жақсылық пен береке сыйлауға тыры­сады. Жасы алпыстың орта белінен асса да әлі мығым, өзін ширақ ұстайтын қарттар бар екен. Соларды ұйымдас­тырып, ауылдарға жіберсе деген ой келеді. Қазір ауылдағы адамдар ағаш отырғызып, бау-бақша егуден қалды. Үйінің іргесіндегі жер бос жатыр. Қол қусырып қарап отыруды жөн көрмейтін  қариялар бірлесіп ауыл­­дарға барып, бос жатқан жерді игеріп, бақша баптау ісіне кіріссе. Сөйтіп,  табиғи таза өнімнің қызығын да өздері көрер еді. Бұл ұсынысты ауыл­дағы адамдар да құптап отыр. «Еңкей­геннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, ауыл халқының бау-бақша егіп, несі­бесін молайтуға ынтасы ауған. Қа­риялар да олай болса денеміздің,  бар­лығы қозғалып, әрі денсау­лыққа пайдалы болар еді деп отыр. Адам баласы еңбек етуі тиіс. Жұмыстан еш уақытта қол үзбеу керек.

Алматыда 222 мың зейнеткер тұрады екен. Жасы келген адамдар зейнетақы­мен шектелмеуі тиіс. Олар өздерінің қоғамға қажет екенін сезінгені жөн. Бұл ретте Алматыда егде жастағы азамат­тарға арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды. Зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуге арналған меке­меде кітапхана, компьютер кабинеті, йога, аэробикамен айналысу үшін жабдықталған фитнес зал, кино көріп, концерт тамашалайтын, шахмат, тоғыз­құмалақ, домино ойнайтын, тоқыма тоқитын арнайы залдар бар. Жаңа орта­лық егде жастағы азаматтарды қолдау­ға, белсенді өмір сүруге жағдай жасауға арналған қалалық «Белсенді ұзақ өмір» жол картасының аясында ашылды. Алматыда егде жастағы жандардың саны қала тұрғындарының 12 пайызын құрайды. Белсенді ұзақ өмір орталы­ғында егде жастағы жандарға компью­терлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді меңгеру, ағылшын тілі үйре­тіледі. Әлеуметтік-қоғамдық бірлестік­тердің мамандары апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медицина­лық кеңестер береді. Зейнеткерлерге мотивациялық семинарлар мен шебер­лік сыныптары ұйымдастыры­лады. Алдағы уақытта Ata-аpa.kz интернет порталы жұмыс істейтін болады. Мұнда егде жандар үшін қажет әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар тура­лы ақпараттар, арнайы еңбек биржасы туралы мәліметтер беріледі.

Төлеубек Мұқашев 

ҚР Пар­ламенті Сенатының депу­таты

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 825
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 526
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537