Жұма, 3 Мамыр 2024
3563 0 пікір 21 Қыркүйек, 2018 сағат 09:35

Алты айда 10 мың өзбекстандық Ресей азаматтығын алған

Биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 10 мың өзбекстандық Ресей азаматтығын алған. 75 мың өзбекстандық тұрақты тұруға рұқсат алған.

Ресей ІІМ ресми сайтында жарияланған деректерге сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 2,2 млн Өзбекстан азаматы Ресейде миграциялық есепке алынған.

Биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында Ресейде 1,1 млн өзбекстандық еңбек етсе, 10 мың адам білім беру мекемелерінде оқыған, ал 4 мың адам турист ретінде келген.

Салыстыру үшін: егер 2012 жылы Ресей азаматтығын 13 мың 400 өзбекстандық алса, 2017 жылы бұл көрсеткіш 23 мың 300 адам болған.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстаннан шыққандар Ресей азаматтығын ең көп алып жатқан алғашқы бестікке кіреді.

2017 жылы төмендегі төрт елдің азаматтары Ресей азаматтығын көп алғандар: Украина (85,1 мың адам), Қазақстан (40,7 мың.), Тәжікстан (29 мың.) және Армения (25,1 мың.).

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 904
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 758
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 588
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 594