Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3666 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 04:50

Таңжарық Дастанұлы. Есті қыз етегін жабады

Ислам діні-белгілі бір қауымға немесе ұлтқа ғана емес күллі адамзатқа түсірілген ақырғы дін. Аллаһ Тағала Хақ дінді түсіндіріп, үйрету үшін қашанда Пайғамбарлар жіберіп отырған. Адам баласына ақ пен қараны, ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратып көрсету үшін ақырғы пайғамбары Мұхаммедті (с.ғ.с.) жіберді. Бұл жайында Құранда Әнбия сүресінің 107-аятында: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік »- дейді. Надандықтың батпағына  батып, адамдықтың асқарына жете алмай адасқан жүректерді Жаратушы белгілеген тәртіп пен өмір сүруге үндеген күллі Пайғамбарлар еркек болған, бірақ сол Пайғамбарлардың баршасын Аллаһ Тағала ананың құрсағында жетілдіріп, әйел затына Пайғамбарды өмірге әкелу мәртебесін берген.

Ислам діні-белгілі бір қауымға немесе ұлтқа ғана емес күллі адамзатқа түсірілген ақырғы дін. Аллаһ Тағала Хақ дінді түсіндіріп, үйрету үшін қашанда Пайғамбарлар жіберіп отырған. Адам баласына ақ пен қараны, ақиқат пен жалғанның ара жігін ажыратып көрсету үшін ақырғы пайғамбары Мұхаммедті (с.ғ.с.) жіберді. Бұл жайында Құранда Әнбия сүресінің 107-аятында: «Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік »- дейді. Надандықтың батпағына  батып, адамдықтың асқарына жете алмай адасқан жүректерді Жаратушы белгілеген тәртіп пен өмір сүруге үндеген күллі Пайғамбарлар еркек болған, бірақ сол Пайғамбарлардың баршасын Аллаһ Тағала ананың құрсағында жетілдіріп, әйел затына Пайғамбарды өмірге әкелу мәртебесін берген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жұмақ-анаңның табанының  астында»-деген. Исламның әйел затына деген құрметін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осылайша жеткізген. Бүгінгі қыз бала ертеңгі аяулы-ана. Ұлттың болашағын, ел бастайтын көсемін, қол бастайтын батырын, топ жаратын дүлдүлін дүниеге әкелетін де ана. Болашақ ана болатын қыз баланы, бабаларымыз: «Қызға қырық үйден тыйым »-деп, суық қол, желіккен көңілден қызғыштай қори білген. Қыздан ар, жігіттен намыс кетсе болашағы бұлыңғыр тартып, тағы теңселіп, бағы басынан ұшатынын терең түсінген. «Ес білген қыз етегін жабады»-деген. Кең көйлек киіп етегін ұзарту тек бойында иманы бар қыздың ісі. Құранда Аллах Тағала Нұр сүресінде: «Мүмин (мұсылман) әйелдерге де айт: (Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын.  Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін ... және бүркеншектерін омырауларына түсірсін...»-дейді.

Қарт Каспий мен Алтай таудың арасын қорғап келген бабаларымыз ұл-қызын Құранның жолымен тәрбиелеген, олай дейтініміз Нұр сүресінде бұйырылған Алланың әмірін,  даланың даналары жоғарыда айтылған мақал-мәтелдері, қанатты сөздері мен өрнектеп ұрпаққа өсиет еткен. Желегі жерге түсіп қураған бәйтеректен гөрі, тамырында нәрі, жамылған жапырағы бар жасыл желектің табиғатта көрікті, күн күйдіргендерге көлеңке, серуендегендерге сая, қоғам үшін қымбатты болып келетіні сияқты әуретін жапқан әйел де   Алланың және адамдардың арасында абыройлы,  ұрпаққа үлгі болмақ.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұят пен иманның дос екенін, егер де бір адамнан ұят кетсе онда артынан иман кететінін айтқан. Әуретті жерін  қымтап жабу ес білген иманды қыз баланың ісі екенін бабаларымыз тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен. Иманды жасқа үміт артқан кешегі Мағжан Жұмабаев:

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға!

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін.

-деп жырлаған екен.

Табиғаттың үйлесімінен бір мысал келтіре кетейік. Мәселен, піскен алма жемісінің қабығын аршып немесе қабығына дақ түссе онда сол алма жемісі шіріп, жеуге жарамсыз болып қалады. Өйткені қабығы жоқ алмаға әртүрлі микробтардың қонуы оны тек шіруге апарады. Сол сияқты әйел затыныңда сыртында көйлегі болып оны әртүрлі сұқ көздерден қорғамаса, алманың бұзылғанындай әйелдің де абыройының төгілуі оп-оңай. Ал әйелдің ары былғанса, болашақ ұрпақ бұзылады. Ұрпақтың бұзылуы-ұлттың жойылуына апарады. Сондықтан қазақ атамыз ерте заманда-ақ: «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек»-деген екен.

Жамбасын жалтыратып, төсін жалаңаш көрсетіп жүруді «мәдениетке» балаған  Батыспен кеше ғана Әлия мен Мәншүк «жау»-деп атысқан еді ғой? Бұл күнде «Шығысты» шетке тартып, «Батысты» мәдениет деп қабылдағанымыз қалай? Кіндік көрсетіп, шашын жалбыратып, қысқа көйлек кию атам қазақта жоқ еді ғой? Бабалар басқан ізді баспай, тарих атты тағдырлар тақтасына зер салмасақ, келешектің есігін күліп қаға алмаймыз.

Ислам-күнәға ұшыраған адамды азаптауға емес, күнәнің алдын алуға құрылған жүйе һәм өмір сүру тәртібі. Сондықтан Аллаһ Тағала әйелдің әуретінің әшкере болып намысы  тапталмас үшін, отанды сүйген, ғылымды сүйген азаматтардың атан жүректері етегі қысқа еркелерге еліктеп құнсыз сезімнің құрбаны болмас үшін, әуретін жабуды бұйырған. Осындай Аллаһ белгілеген тәртіп пен етек жеңін қымтап, Әуезовше айтсақ «шариғат шәлісін» киіп жүру бұл ата дініміздің талабы, бабалардың өсиеті. Махмұд Қашқари бір өлең жолында:

Атымен Тәңірімнің білім жидым,

Өмірдің көңіліме сырын түйдім,

Гүліме таудың таза суын құйдым,

Мәртебем сонан менің биіктепті.

-деген екен. Алланың әміріне бой ұсынып, иман мен өмір сүрер болсақ еліміздің мәртебесі әлі де биіктей түспек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 778
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 585
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 483
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 497