Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2790 0 пікір 25 Наурыз, 2011 сағат 07:42

Ұларбек Дәлейұлы. Мемлекеттік туымыз тағы да жыртылды

Елімізге есімдері жалынды жарларымен жақсы таныс Елордалық қос шайыр - Ұларбек Дәлейұлы мен Бауыржан Қарағызұлы бізге жедел хат жолдады. Ашынған ақындардың жанайқайы жанымызды жылатты. Жүрегімізді ауыртты. Сөздің мәні төмендегідей...

- Біз Астана қаласының Жолаушылар тасымалдайтын «Темір тұлпар» ЖШС-на қарасты №46 (мемлекеттік № Z 446 CO) автобусқа көппен бірге таласа міндік. Таңертеңгі қарбалас. Сәл ашылған терезеден жаңа келген көктем ауасын құшырлана жұтып, тура Тәуелсіздік монументінің алдынан өтіп барамыз. Кенет...

Кенет алдыңғы жақтан сақылдай күлген бөтен дауысқа жалт қарастық. Тілі мен танауына темірден түйме таққан, самайы қайсы, төбесі қайсы ажыратуға келмейтін, жаңа дәуір модасымен  алба-жұлба киінген қыз бен жігіт автобус қабырғасын қолдарымен нұсқап әлденені келеке етіп тұр. Желіккен жастар ғой деп бастабында мән бермедік. Түріне қарап тура қай ұлттың тумасы екенін ажыратуға келмейтін әлгі екеуінің жыртақай күлкісі, жарықшақ дауысы назарымызды бөле бергесін топ адамның ортасын жарып өтіп солай беттедік.

Бірдемені тағы да нұсқайды, тағы да ыржақтайды. Бажайлап қарап едік, жүрегіміз тас-төбемізге шықты.

Сұмдық-ай!

Аллам-ау, енді көрсетпегенің осы ма еді деп бір-бірімізге қарастық. Жылап жіберуге шақ қалдық. Бір жағынан анау «шаталардың» келемежі жанымызға батып барады. Сөйтсек, автобустың алдыңғы қабырғасына жапсырылған ҚР Мемлекеттік Туы қайыршы кемпірдің етегіндей алба-жұлба жалбырап тұр. Ескірген түріне қарап, ұзақтан бері осындай күйге түскені көзге ұрады. Ашуға міндік. «Следующая остановка - Шамши Калдаякова» деп орысша озандаған кондуктордың дауысына ілесе аналар жырқылдай күліп, түсіп кете барды.

Біз не істерімізді білмей жан-жағымызға қарадық. Селт еткен пенде жоқ. Отырғандардың бәрі қазақ. Кейбіреулері біздің күйгелек күйімізді көріп кекете жымияды.

Япыр-ай, дестік.

Көктем жаңбырында бұрышта бүрсиген жетімдей жалбырап сұры қашқан киелі Туымызды қалта телефонымызға түсіріп алып, кондукторды шақырдық. Ашынған жайымызды айтып, Туды қорламай алып тастауын өтіндік. Ол бишара иығын оқыра жеген өгіздей қоқаң еткізіп, орысша күңкілдеп бұрылып кете барды.

Қазақтың ғасырлап қан кешіп жүріп  тіккен Туының бір емес, екі емес, үш емес, қайта-қайта қорлануы - біздің жүрегімізден қара қан ағызды.

«Біз осы түрімізбен ел бола алар ма екенбіз?..» деген күдікпен «Байтерек» монументі алдынан біз де түсіп кете бардық...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 653
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 424
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 389
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 390