Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
4204 6 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 10:35

Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшыл тойлардан бас тартуға шақырды

Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды той өткізуде «өзбектерден, түріктерден, түркімендерден» үлгі алуға шақырды. Ол бұл жайында Twitter парақшасына жазды.

«Қазақ БАҚ-та той, салтанатты кештер өткізуде жаңаша ыңғайлар керек деген пікір-таласты қолдаймын. Шектен шыққан даңғазалық пен ысырапшылдықтан бас тартып, жаңаша формат керек», - деп жазады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның пікірінше, өзбек, түрік, түркімендер секілді ұлттық дәстүрге мән беру керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы жеке көзқарасын жүйелі жариялап отырады. Ол Twitter парақшасын 2011 жылдың шілде айында ашқан.

Abai.kz

6 пікір