Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3973 4 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 15:57

Көшіп кетіпті

Таңертең ерте тұрып көшеге шықсам, көшеде тірі пенде көрінбейді. Көршілерімді айтамын да. Содан салып ұрып, Шымкенттің орталық көшелеріне келдім. Зуылдап жатқан көліктер де көрінбейді. Қала қаңырап, бос қалған!

Отыра қалып, жылағым келді, «Адамдар қайда кетті?» деп әлдекімнен сұрағым келді. Тірі пенде көрінбеді.

Сөйтсем, енді есіме түсті. ОҚО Түркістан облысы болып қайта құрылған соң, бәрі облыс орталығы Түркістанға көшіп кеткен екен ғой? Әсіресе, облыстық деген титулы бар мекемелер бірінші болып көшіп кетіпті! Облыстық зиратқа брасам, небір аспанмен «сәлемдескен» мраморлы молалар қазылып, облыс орталығына көшіріліпті! Қалалық жезөкшелер де облыстық жезөкшелермен бірге кетіп қалыпты! Облыстық ұрыларға не жоқ десеңші? Олар да қарасын батырған. Облыстық қанішер қылмыскерлерді де іздеп таба алмайсың? Облыстық жемқорлардан қалған шығар десем, олар да сол жақтан жымқырып қалуға көшіп кетіпті! Облыстық жағымпаздар да жоқ! Масқара! Бір өзім шошайып Шымкентте тұрмын. Тек қалалық қаңғыбас иттер ғана жүр, құйрықтарын бұттарына қысып алып... Сосын Робинзон Крузо сияқты өзіме–өзім «Ассалаумағалейкум! Уағалейкумассалам!» деп амандасып, өзіме–өзім құрмет көрсетіп, ашық қалған кафелерге қонаққа шақырып, шашым шаң, жүрісім паң болды. Осындай да болады екен–ау?

Мұхтар Шерімнің Facebook-тегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 893
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 753
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 580
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 586