Жұма, 3 Мамыр 2024
3285 0 пікір 14 Қыркүйек, 2018 сағат 09:44

Түркіменстан 38 "ұятты" елдің тізімінде

Түркіменстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдармен, оның ішінде БҰҰ-мен әріптестік орнатқаны үшін азаматтары қудалауға ұшырайтын 38 "ұятты" елдің қатарында.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні БҰҰ азаматтары адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдармен әріптестік орнатқаны үшін, қудалауға ұшырайтын немесе азаптайтын, өлтіруге дейін баратын елдердің тізімін жариялады.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриштің жылдық есебінде құқық қорғаушыларды қылмыскер ретінде көрсетіп, қатаң жазаға тартқан, қоғам алдында ұятты қылған жағдайлар айтылған.

БҰҰ бас хатшысы жоғарыдағы әрекеттерді "ұятты тәжірибе" деп атап, тез арада жоюды ұсынды.

Түркіменстан 1992 жылдан бері БҰҰ мүшесі. Дегенмен халықаралық ұйымның есебі бойынша, Түркіменстан адам құқықтары бойынша жылдан жылға артқа кетіп барады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 630
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 386
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 369
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 374