Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3780 0 пікір 12 Қыркүйек, 2018 сағат 12:51

Тобырды артыңнан ертудің құпиясы...

Тобырды артыңнан ертудің құпиясы...

1.Тобырды артыңнан ертудің құпиясы.Тобырды мадақ арқылы тәуелді ету. Кей адамдар өмір бойы әлдеқандай мадақты әлдекімнің аузынан естуді күтіп жүреді. Сіз сол адам естігісі келетін мадақты тауып айтсаңыз, ол сіздің адал мүритіңізге айналады. Сізден естіген мадақ оны басқалар балталаса да маңайыңыздан кетірмейді.

2.Тобырды дүние арқылы тәуелді ету. Қиыншылық көріп, күнін көре алмай жүргендерге арқар жалақ бір нәрсе ұсыну. Құлқын құсты торға түсіреді.

3.Тобырды үміт арқылы тәуелді ету. Алыс болашақпен алдарқату. Біздің жұлдызымыз жанатын сәт келе жатыр деген ертегіге сендіру. Оларға ойлап тауып дәреже үлестіру. Үлестірген дәрежеңді қоңыраулатып қою... Ары қарай сөзіңді сөйлетіп солардың есебінен күн көре бересің. Олар сен үшін жан беретін дайын әскерге айналады.

4.Тобырды таңғалдыру оңай. Сеніміне кірген тобырға су төмен қарай ағады, аспан көк, шөп жасыл десең жетіп жатыр. "Бұл, расында, ақиқат қой, қандай данышпандық!" деп шу ете қалады. Өзге біреулер бұған неге таңғаласыңдар жұрттың бәрі білетін нәрсе ғой десе, көре алмай жатырсыңдар деген сандырақтарын жаудырады.

5.Тобырды ниеттес болғансып тәуелді ету. Тобырдың жан жарасын тауып, соған ем іздеуші болып көріну. Жауын қосылып жамандау... Бұл ешқандай шығын шығатын нәрсе мес. Жай ғана қамқор болып көрінсең жетеді. Тобырдың күш-қуатын өз мүддеңе пайдалана бересің.

6.Тобырдың қауіптілігі – тобырда отан деген ұғым болмайды. Оларда мүдде ғана бар. Кім мүддесіне жұмыс жасаса, мүддесіне жұмыс жасайтын болып көрінсе,соған еріп кете береді. Тобырдың қорқыныштылығы – тобыр доспен, қасты ажырата білмейді.

Мұратхан Шоқанның facebook парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 563
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 294
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 315
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 326