Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 4042 2 пікір 11 Қыркүйек, 2018 сағат 09:05

Дариға Назарбаева шекара шебіне барды

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасында, Ұлттық ұланның 5518 бөлімінде, Күршім шекара отрядында, шекара заставасында болды, сондай-ақ «Майқапшағай» өткізу бекетінің жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.

Бөлім басшысы полковник Орал Батырғалиев депутаттарға шекарашылардың күнделікті әскери қызметі туралы айтып берді және шекарадағы өткізу бекетіндегі ахуал туралы баяндады. Сондай-ақ сенаторларға шекара күзетіндегі техникалық құралдар көрсетіліп, паспортқа бақылау жүргізу жұмысының барысы таныстырылды.

Сол күні 2535 әскери бөлімінің Күршім шекара отрядында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланның басшылығы, шекаралық аудандар әкімдері қатысқан Сенат комитетінің отырысы болды.

Отырыста мемлекеттік шекараны күзету мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараның шығыс шебіндегі қазіргі жағдай, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыс жағдайын жақсарту туралы айтылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов сенаторларға қаржыландырудағы жетіспеушіліктер туралы айтты. Шекарашыларға 1 миллиард 94 миллион теңгеге жуық қаржы керек. Бұл қаржы Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекараның Шығыс Қазақстан облысы аумағынан өтетін бөлігінің бойында орналасқан бөлімшелердің инфрақұрылымдарын дамыту үшін қажет.

Сенаторлар Төлеубек Мұқашев, Серік Жақсыбеков, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Талғат Мұсабаев, Нұржан Нұрсипатов шешімін табуы тиіс бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараны күзету және қорғау, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мақсаттары үшін жер телімдерін рәсімдеу, шекаралық аймақтарды дамыту және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажеттігі, сауда жөніндегі бірқатар шектеулерді алып тастау және валюталық шектеуді жұмсарту қажеттігі туралы айтылды.

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, Үкіметке жіберілетінін атап өтті. «Көтерілген барлық мәселелер депутаттардың бақылауында болады», - деді сенатор.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан бірқатар әскери бөлімдерде болған депутаттар әскери қызметшілердің тыныс-тіршілігімен, азық-түлікпен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты және әскери бөлімнің инфрақұрылымын дамыту мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Сенаторлар 11 қыркүйекте «Семей машина жасау зауыты» мен «Семей инжиниринг» кәсіпорнына барады.

Abai.kz

 

 

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 618
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 367
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 361
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 367