Жұма, 3 Мамыр 2024
Болған оқиға 4113 3 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 09:59

«Жихадистер» ісінде құжаттарға айран төгілді

Ішкі Істер Министрлігінің қызметкері «Жихадистер» ісі қаралып жатқанда құжаттарға айран төгіп жіберді. Бұл жағдай Алматы қаласы Жетісу ауданы №2 аудандық сотында болған. Бұл туралы адвокат Гүлнар Жуаспаева facebook-тегі парақшасында да жазды.

Жетісу ауданының №2 аудандық сотында «Жихадистер» ісіне қатысты қылмыстық  материалдармен танысқан кезде, сол жердегі  СИ-18 тергеу мекемесінің қызметкері (конвой) Уәлиxан Жорабай  өз өкілеттігін асыра пайдаланып,  айыпталушы Алмат Жұмағұловтың қорғаушысын сот залына кіргізбей қойған. Алайда, қорғаушының тергеу жұмысына қатысу туралы сот шешімін көрсеткенде ғана сабасына түскен.

Және айыпталушы Жұмағұлов гастритпен ауыратын болғандықтан, өзіне қажетті сүт өнімін алып келген. Алайда, конвой Уәлихан Жорабай айыпталушының қолындағы айранына жармасып, тартып алмақ болғанда қорғаушы Гүлнар Жуаспаеваның танысып отырған іс-қағаздары мен киіміне төгіліп кеткен.

Уәлихан Жорабай

Негізінен, Уәлихан Жорабайдың бұл қызметте жүргеніне бір-ақ жыл болыпты. Сонда, ІІМ олар жас маманға қызметтік этикадан бұрын әркімге бір дікеңдеуді үйрете ме? Ауру адамның қолындағы айранды тартып алып, не істемек? Жоқ, әлде конвой Жихадистер ісіне осы арқылы кедергі келтіруді әдейі жоспарлаған ба?

Жалпы, осы саладағы кез-келген қызметкердің жүріс-тұрысынан, сөйлеу мәнерінен халықтың қорғаушысы емес, қорлаушысының іс-әрекеті жиі байқалады. Өйткені оларды осынша тайраңдатып қойған әділетсіз жүйе бар. Сол жүйеден халық та қажып бітті. Қызметін енді бастап жатқан Жорабайлар осылай қоқаңдаса, шені жоғарылардан кішіпейіл мінез күту бекер шығар.

Сіз не дейсіз?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

 

 

 

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 736
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 555
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 455
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 472