Жұма, 3 Мамыр 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 6408 16 пікір 7 Қыркүйек, 2018 сағат 08:38

Орал зиялылары қара бастарының ғана қамын күйттеп отыр

Оралда үлкен дау болып тұрған Исатай-Махамбет ескерткіші мәселесі және оның болашақта орналасуы туралы Ақжайықтың абызы, ардагер журналист Тихон Әліпқалиев ағамызбен кездесудің сәті түсті. Облысқа танымал қаламгер Тихон ағамыз «Abai.kz» ақпараттық порталына «Көлгінов Исатай мен Махамбетке МАИ қызметкерінің міндетін жүктемек пе?» атты көлемді сыни мақаласын жазған-ды.

Аузы дуалы, сөзі уәлі ағамыздан өзінің сыни мақаласындағы мән-жайды толығырақ білу үшін және Исатай-Махамбет ескерткіші туралы өзінің ой-пікірін сұраған едім. Тихон ағамыз өз сөзін тағы да қайталап Исатай-Махамбеттің ескерткіші Орал қаласының ортасында, нақтырағы теміржол вокзалы алдында орналасу керек. Қос батырдың мүсінін қоятын орнынды еш талқылаудың және еш қорқудың қажет жоқ. Чапаев ескерткіші идеологиялық тұрғыда ескірді, оны қаланың өзге жеріне көшіруміз керек деп қадап айтты.

Қос батыр мүсіндері қала орталығында асқақтап тұруы тиіс. Бұл жерге халық келіп демалып бала-немерелеріне ұлт-азаттық көтеріліс көсемдерінің қазақ халқы алдындағы ерен ерліктерін мақтанышпен айтып, есімдерін әр азамат дәріптеулері керек. Ал оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларын осы жерге әкеліп рухани-тәрбиелік шараларды жиі өткізіп тұрулары қажет, сонда ғана халық рухтанып, жастардың патиоттық сезімдері артады дейді. Әйтпесе, облыс әкімдігі Исатай-Махамбет ескерткішін айдалаға заправка қасына салдырып қос батырдың рухтарын бензинге улатып, оларға ГАИ қызметін жүктемекші ме?! Қу айдалаға ешкім бармайды және жұрт бармайтын айдалаға қаржы шығындап демалыс бағы салынбайтыны белгілі. Ұрпақтары біз үшін жандарын қиған батырлардың рухтарын қорлатып, мынадай келеңсіздікке халық болып жол бермейміз деп ашына ойын жеткізді. Және батырлардың мүсіндерін жасауға жергілікті жердің жоғары білікті сәулетші, суретші, тарихшы мамандарын осы іске жұмылдыру керек, сонда ғана ол мүсіннің халықтың көңілдерінен шығары сөзсіз деп сөзін түйіндеді.

10 қыркүйекте осы мәселе бойынша БҚО әкімінің орынбасары, облыстық тарихи-мәдени мұраларын, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және мемориалдық тақталарды орнату мәселелері жөніндегі комиссиясының төрағасы Г.Оспанқұловтың қабылдауына бірге кіріп халықтың ұсыныс-талабын жеткізетін болып шештік. Егер халықтың ұсыныс-талабына облыс әкімдігі көңіл бөлмей, ісіміз оңынан шешілмеген жағдайда Исатай-Махамбет ескерткішін Орал қаласының ТЖ вокзалы алдында Чапаев ескерткіші орнына орналастыру үшін жергілікті тұрғындардан қол жинап, ҚР Президентіне хат жазамыз және ақпараттық құралдарды қатыстырып жиналыс пен баспасөз мәслихатын жасайтын болып келістік.

Сөз арасында Тихон ағамыз жергілікті жердің көпшілік зиялылары қара бастарын ғана ойлап, Исатай-Махамбет ескерткішінің орны дау болып жатырғанда үнсіз отырғандарына қынжылыс білдірді. Кетерде Ақжайықтың абызы осы мәселені көтерген үшін маған, сыни мақаламызды еш қаймықпай жариялаған "Abai.kz» ақпараттық порталының басшысы мен ұжымына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді, жұмыстарына табыс тіледі. Абыз ағаның ақ батасы қабыл болсын дей отырып, «Әумин!» деп бетімді сипадым.

Шынында жергілікті жердің ақ шағаласы, мемлекеттік марапатты үйіп алған кейбір айтыс ақындары мен ғалымдары, жазушылары мен журналистері осындай ұлы істе неге үнсіз отыр?! Әлде оларды ұлт мүддесі еш қызықтырмай ма? Әншейінде, жастардың алдында ұлтжанды болып көрініп патриоттық тәрбие туралы бұлбұлдай сайрайды. Сөзі мен істері екі жақта болса, мындай зиялылардың құндары жастар мен халық үшін бір тиын.

Талғат Қатауов

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 825
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 668
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 527
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537