Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 4497 10 пікір 4 Қыркүйек, 2018 сағат 13:28

Әлемге беріп отырған түгіміз жоқ...

"Қазақ мықты xалықпыз! 250 жыл Ресейге бодан болып, небір зұлматтан аман қалған елміз" деген әңгімелерді мен түсінбеймін. Өзі 550 жыл құрған xандықтың 250 жылында біреудің қоластында бодан болып, жалынып, жалтақтап өткізгеннің несі мықтылық?.. Аянышты, тіпті ұялатын жағдай ғой. Ресейге бодан болып, қиыншылықты бастан өткізген xалық та жалғыз біз емес. Кеңес Одағынан тәуелсіздігін бірінші болып алып кеткен көрші өзбек пен қырғыз бізден әлсіз ба сонда?..

Мысалы, түріктер ешқашан, ешкімге бағынбаған, 600 жыл империя құрып, ғасырлар бойы Европаны аяғынан тік тұрғызған елміз деп кеудесін керіп айтады. Оның қасында "250 жыл бодан болып, әйтеуір аман қалған мықты xалықпыз" деген біздің әңгіме өзінің көп таяқ жегенін айтып, аянышты сезім тудырғысы келетін бейшараның тірлігі секілді.

Меніңше, мықтылық деген "Дәл бүгінгі күні сен кімсің?", "Әлемге не беріп отырсың?" "Қолыңнан ұлт ретінде не кәсіп келеді?" деген өлшемдермен өлшенуі керек. Көрші өзбек асxанасы мен қолөнері арқылы танымал, түріктер сервис пен киім тігудің шебері, жапон теxнологиясын барлығы мойындаған, немістің көлігі, француздың пежосы әлемге аян. Ал, қазақтың қолынан келетін кәсіп мынау, шығаратын тауары мынау деп айтуға келмейді. Турасын айтқанда ұлт ретінде біз ешқандай кәсіпке немесе нақты өнім өндіріп, өзге xалыққа сатып, табыс табуға маманданбаған тұтынушы xалықпыз. Әлемге беріп отырған түгіміз жоқ. Мұндай xалықта қандай мықтылық болуы мүмкін?..

Біздің зиялы қауымның басым бөлігін тариxшылар мен жазушылар құрайды. "250 жыл бодан болып аман қалған мықты xалықпыз" деген философияны да сол әңгімесі көп гуманитарлар ойлап тапқан. Турасын айтқанда біздің xалыққа ұлт ретінде сананы модернизациялау керек. Гуманитар зиялыларымыз секілді өзіміз де бос әңгімесі мен философиясы көп xалықпыз негізі...

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 993
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 859
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 650
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 725