Жексенбі, 12 Мамыр 2024
3365 0 пікір 3 Қыркүйек, 2018 сағат 12:54

Бүгін Алматыда BRT желісі іске қосылды

Бүгін таңның атысымен – қоғамдық көліктер жұмысын бастаған уақытта «Оңай» жүйесінің бақылаушылары Тимирязев көшесіндегі аялдамаларда жолаушылармен кездесіп, оларға жаңадан іске қосылған BRT желісінің ерекшеліктері мен аялдамалардың орналасу тәртіптерін түсіндірді. Ал, автобус жүргізушілері болса алғаш келген жолаушыларға қолшатыр, рюкзак және флэшка таратып, тосын сый жасады.

Жол құрылысшыларының айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар әлі де болса жөндеуден өтіп жатыр екен. Ал, көліктерге арналған жол толықтай аяқталып, пайдалануға берілген. Қыркүйек-қазан айларында дәл осы Тимирязев көшесінің бойына ағаш көшеттері отырғызылатын болады.

Садир Хамраевкөліктің холдингтің басшысы:

«Қоғамдық көліктерге арналған BRT желісі – қала үшін өте қажетті жоба. Тимирязев көшесі болса ең автобусы көп жүретін көше, қоғамдық көліктердің артериясы деп айтуға болады. Бұрындары бұл көшеден автобусқа отырған жолаушылар уақытының бәрін кептелісте тұрып жоғалтатын. Ал, қазір жолдағы уақыт 32%-ға қысқарып отыр. Мәселен, бұрын бір адам Орбита аялдамасынан қаланың орталығына жету үшін кемі 45 минут уақытын жоғалтатын. Ал, қазір 25-30 минутта жетіп барады. Енді жолаушылардың саны да артады деп үміттеніп отырмыз, өйткені әркім қалаған жеріне уақытылы бара алады».

Бауыржан Кулишев, «Green Bus» автопаркінің басшысы:

«Күн сайын біздің қызметкерлер автобус жүргізушілерімен жұмыс істейдің. Олар әр аялдамада тұрып, жүргізушілерге жаңа желіде қалай қозғалу керектігін түсіндіріп жатыр. BRT желісі ең алдымен жолаушыларға, содан кейін автобус жүргізушілеріне қолайлы. Алғашқылары діттеген жеріне дер кезінде жетсе, екіншілері кестеден кешікпей, жұмыс уақытын уақытылы аяқтайды. Иә, троллейбустармен проблемалар болды, бірақ алдағы 2-3 күнде бұл проблема шешіледі».

Талгат Хосчанов, Алматы қалалық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы:

«BRT желісі қосылғаннан кейін жолаушылардың жолда өткізетін уақыты 32 пайызға қысқаратын болады. Ал, жалпы жолаушылардың саны 40 пайызға көбейеді деп болжап отырмыз. Қысқасы, біз жолаушылардың кедергісіз қозғалуына жағдай жасап отырмыз.

Сондай-ақ, қыркүйек айынан бастап біз бұл жолдармен 18 метрлік ұзын автобустарды жүргіземіз. Олар сыйымды, кондиционерлері және бейнебақылау камералары бар. Бұл өз кезегінде кешкі уақытта кептелістің азаюына септігін тигізеді.

Жолдың ортасында орналасқан аялдамаларды көріп, шошымауларыңызды да сұраймын. Олардың екі міндеті бар: негізгісі – аялдамалық тұрақ болса, екіншісі жол апатын азайтуға бағытталған құрал. Жол көлік оқиғалары мұнан кейін 50 пайызға дейін төмендеуі тиіс.

Жеңіл автокөліктерге де қиындық тумайды. Десе де, Тимирязев көшесімен жүретін автомобильдер азаяды. Бұған дейін тәулігіне 55 мың көлік жүріп өтсе, қазір бұл көрсеткіш 50 мыңға азаяды. Жалпы, осы жолдың бойында барлығы 5 мың орынға шақталған көлік тұрақтарының бар екенін де айта кету керек».

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2156
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534