Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3147 0 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 11:25

Жәмила Әбдіқадырова ҚР Президенті Архивінің директоры қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Жәмила Юсупжанқызы Әбдіқадырова Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Президенті Кеңсесінің Бастығы М. Қасымбеков Архив ұжымына жаңадан тағайындалған директорды таныстырып, жұмысына зор жетістіктер мен табыстар тіледі.

Ж. Әбдіқадырова Президент архивінде 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қатардағы маманнан директордың орынбасарына дейінгі барлық қызмет сатысынан өтті.

Сондай-ақ, М. Қасымбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылығы атынан Архивтің бұрынғы директоры Борис Әликенұлы Жапаровқа мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін алғыс білдіріп, оған ведомстволық марапат — «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 380
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 198
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 212
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 210