Жұма, 3 Мамыр 2024
Жанайқай 6755 6 пікір 14 Тамыз, 2018 сағат 19:07

"Ұлттық сараптама орталығындағы ұрлыққа менің түк қатысым жоқ"

Қарағанды облыстық Ұлттық сараптама орталығының директоры мен бас бухгалтер мекемеге тиесілі құрылыс заттарын ұрлап, ақшасын жымқырған. Осындай жанайқаймен редакциямызға Гүлзира Кәрімбекова есімді келіншек хабарласты. Оның айтуынша, басшылық Гүлзира жүргізіп отырған тауар құжаттарын жоқ қылып жіберген. Сөйтіп, барлық жоғалған тауарларды келіншектің мойнына іліп, екі қылмыстық, үш азаматтық іс қозғатқызған.

Гүлзира Кәрімбекова, жәбірленуші:

- Мен Қарағанды облыстық Ұлттық сараптама орталығында қызмет істеп жүргенде бастығым, инженерім, бас бухгалтерлер сатып алуға тиіс тауарларды сатып алмай, ақшасын өздері  бөліп алып жүрді. Мен оны өз көзіммен көрдім.

Осылайша, мекемеге тиесілі құрылыс заттары сатып алынған жоқ. Кейіннен есеп жасағанда қарап отырсам әлгі тауарлардың бәрі менің мойныма жазылыпты. Сұрасам, "оны қоймадан сіз ғана сыртқа шығаруға құқылысыз" дейді. Мен "оны "накладнойға" қол қойып қабылдап алған жоқпын" деп едім, тыңдамады.

Мен өзім істемеген қылмыстан басымды арашалап алуды ойластыра бастап едім, олар мені жұмыстан қудалап, кетуге мәжбүрлей бастады. Сөйтіп жүргенде жүйкем сыр беріп ауырып, ауруханаға түстім.  Ауруханада жатқанымда  "еңбек келісімшарттың уақыты бітті" деген желеумен менің сыртымнан бұйрық жазып, жұмыстан шығарып жіберді.

Менде қазір барлық құжаттар мен есеп қағаздары бар. Өзімнің кінәсіз  екенімді дәлелдей аламын.

Гүлзира көп балалы ана. Күйеуі де сол мекемеде істеген. Бірақ, осы іс басталған соң, оны да жұмыстан шығарып жіберген. Қазір екеуі де жұмыссыз.

Олар осы мәселемен еңбек инспекциясына барған. Олар көмек берудің орнына, бұл заңсыздықтарға жауап та бермеген.

Гүлзираның айтуынша, оған күнде белгісіз біреулер бөтен нөмірлермен хабарласып, қорқытып, бопсалайтын көрінеді. Еш амалы қалмаған ананың журналистерге арқа сүйеуден басқа амалы қалмаған.

Түйін

Гүлзира Кәрімбекова "Қарағанды облыстық Ұлттық сараптама орталығының директоры  Гүлжаһан Байжабагинова маған жала жауып, өзі тап-таза болып шыға келмек" деген жанайқайын айтып, Премьер-министрге де, ІІМ министрлігіне де хат жолдаған. Әзірге ол жақтан ләм-мим жауап жоқ! Әділдікке жете алмай жүрген ана  алдағы уақытта Қарағанды облыстық Ұлттық сараптама орталығына қатысты былыққа толы құжаттарды өзін қорғау мақсатында жариялауға мәжбүр екенін ескертті. 

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 862
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 723
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 560