Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
4134 7 пікір 2 Тамыз, 2018 сағат 10:59

Алдағы жылы сырттай оқу жүйесі тоқтатылады

2019 жылдан бастап сырттай оқу формасы тоқтатылады. Бұл туралы Білім және Ғылым министрі  Ерлан Сағадиев dialog.egov.kz платформасында мәлімдеді, деп хабарлайды  Азаттық радиосы

"4 шілдеде университеттердің дербестігін арттыратын заң қабылданған. Осы заңға сай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырттай оқуға құжат қабылданбайды. Ал қазір сырттай оқып жатқан студенттер оқуын аяқтайды" деп жазылған.
"Бұл заңға сай білім бағдарламасын игеру үшін студенттерге нақты бір уақыт берілмейді. Жоғары оқу орындары білім үлгерімінің нәтижесіне қарай студенттердің бакалаврды уақытынан бұрын бітіруге мүмкіндік беретін ыңғайлы бағдарлама жасайды. Заңда университеттердегі оқу ақысын реттейтін норманы алып тастау қарастырылған" дейді Сағадиев.

1 тамызда Қазақстанда білім гранттарын тағайындау комиссиясы жұмысын бастаған. Министрліктің дерегінше, биыл Қазақстан бірінші курс студенттерін қабылдау үшін 51 мыңға жуық грант бөлген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2012
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2430
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2000
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1582