Сәрсенбі, 8 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
1450 0 пікір 25 Шілде, 2018 сағат 10:36

Алматының биылғы жылғы бюджеті 526,7 миллиард теңге

Алматыда VI-ші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен сессиясында биылғы жылғы қала бюджеті нақтыланған еді. Мемлекеттік сатып алуды үнемдеу есебінен жүргізу және жобаларды 9,3 млрд. теңгеге оңтайландыру арқасында ішкі резервтерді қайта бөлу барысында нақтыландыру шарасы жүзеге асты.

Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында Алматы экономикасының барлық салаларында 103,8% өсімге қол жетті. Мысалы, бөлшек сауда 8,3%-ға, өнеркәсіп 4,4%-ға, құрылыс 4,7%-ға ұлғайды, бес айдың ішінде шетелдік инвестиция 25,1%-ды құрады. Мемлекеттік бюджетке салық түсімінің 110,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Бюджетті нақтылау барысындаүнемделген қаржы есебінен әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде сыртқы жарық көздерін, тротуарларды жөндеуге,жаңа ықшам аудандарда жол салуға, қауіпсіздікті арттыруға және мүмкіндігі шектеулі жандардға қолдау көрсетуге жұмсалатын шығын көздері анықталды.

Мысалы, қаланың бірқатар аудандарында сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, Алатау ауданындағы Ақбұлақ, Алғабас, Қарасу, Көк-Кайнар, Ұлжан-2 ықшам аудандарында жол жөндеу басталды. Түрксіб ауданындағы Жас қанат елді мекенінде жол жөндеу жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету мақсатында 675 адамға тифлотехникалық, 871 адамға сурдотехникалық жабдықтар сатып алынады.

«Еңбекке қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті қолдау» аясында мыңдаған жұмыссыздар 50 мамандық бойынша кәсіби дайындықтан және қайта дайындықтан өтеді.

Бұлардан өзге, жалпы білім беретін мектептерді оқулықтармен қамту үшін қосымша 193,5 млн. теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті арттыру мақсатында жеті мектеп нысандарын сейсмикалық мықтылау жұмыстары жүргізіледі.

Еске салсақ, «Алматы-2020» даму бағдарламасына және қалалықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге негізделген Алматы бюджеті биылғы жылы 526,7 миллиард теңгені құрайды.

Abai.kz

0 пікір