Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3267 0 пікір 25 Ақпан, 2011 сағат 06:01

Парламент Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының статутын ратификациялады

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламенті сенатының депутаттары жұма күні пленарлық отырысында ҚР «Еуразиялық экономикалық қоғамдастық сотының статутын ратификациялау туралы» заңын қабылдады.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы сотының статутына Астанада 2010 жылдың 5 шілдесінде қол қойылды.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысына сәйкес, сот ЕурАзЭҚ, Кеден одағы шеңберіндегі халықаралық келісімдерді және ЕурАзЭҚ, Кеден одағының органдары қабылдайтын шешімдерді бірдей қолдануды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, сот тараптардың арасында ЕурАзЭҚ, Кеден одағы органдарының шешімдерін, осы ұйымдардың шеңберінде қолданылатын келісімдердің баптарын жүзеге асыру мәселелері бойынша туындайтын экономикалық дауларды қарайды.

Сот аталған ұйымдардың шеңберінде қолданылатын халықаралық келісімдер мен шешімдерді түсіндіруді жүзеге асырады. Түсіндіру нақты істер бойынша шешім қабылдау кезінде, сондай-ақ, тараптардың, ЕурАзЭҚ жоғарғы сот органдарының, мемлекетаралық кеңесінің, парламентаралық ассамблеясының және интеграциялық комитетінің сұранымдары бойынша жүзеге асырылады.

Соттың орналасу орны - Минск қаласы.

Соттың қызметі ЕурАзЭҚ бюджетінің қаржысымен ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесі (мемлекет басшыларының деңгейі) анықтайтын тәртіппен қаржыландырылады.

Судьяларды мемлекетаралық кеңестің ұсынуымен еурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы тағайындап, қызметтен босатады. Сот құрамына әр жақтан екі судьядан кіреді. Судьялардың қызмет ету мерзімі - 6 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 613
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 362
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 357
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 363