Жұма, 3 Мамыр 2024
Билік 4618 0 пікір 30 Мамыр, 2018 сағат 13:57

Елбасы: Қазақстанға миллион тұрғыны бар бірнеше қала қажет

Жуырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға миллион тұрғыны бар бірнеше қала қажет екендігін айтып, сөз сөйлеген еді. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі.

Елбасы өз сөзінде елдің әрбір өңірі «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға өз үлесін қосуы тиістігін баса айтты. «Біз Астананы, жаңа елордамызды салдық. Қазақтар өз тарихында алғаш рет өз астанасын қай жерде салу керектігін белгілеп, бой түзетті. Астанаға қарап, қалған барлық облыс орталығы даму үстінде», - деген-ді Н.Назарбаев.

Осы орайда Қазақстанға ғылымды дамыту үшін ірі агломерация қажеттігін баса айтқан ҚР Президенті: «Алматының халқы 1,5 миллионға жақындап қалды. Астанада да миллионға тақау бар. Біздерге тағы да бірнеше қала керек. Менің ойымша, миллион тұрғын тұратын қалалар қатарында Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды және басқа да қалалар бола алады», - деп сөйлеген.

Қазақстан Халқы Ассамблеясының алқа-қотан жиынында сөз сөйлеген Президент былай деп еді:

«Осы жылы сіздермен бірге елорданың 20 жылдығын атап өтеміз. Астана – бірлік пен келісімнің жалпыхалықтық үлгісі. Шағын Ақмола қаласы бір миллионнан астам тұрғыны бар Астана қаласына айналды. Жақында қаланың болашақтағы дамуын қарастырып отырып, 20-жылдарға қарай екі миллион тұрғыны бар қалаға айналатынын анықтадық. Осылайша біз осындай бірнеше мегаполиске ие болғымыз келеді. Егер Астанада екі миллион болса, Алматыда үш миллион, Шымкентте миллион тұрғын өмір сүрмек. Дәл осындай ірі қалаларда ғылым, мәдениет пен технология дамиды. Бұл – өте маңызды».

Айта кетейік, сарапшылардың пікірінше, урбанизация әсерінен ауылдарға қарағанда қала халқының саны едәуір артуда.

Ranking.kz сарапшылары қалаларда халық өсімі ауылдарға қарағанда жылдам деген қорытындыға келді.

Жыл басынан бері қала халқының саны 1,7 %-ға өсті. Қазақстанның 16 өңірінің 12-інде қалалықтар саны артқаны байқалып отыр. Көш бастап тұрғандар – Алматы, Астана қалалары және Оңтүстік Қазақстан облысы.

Ал ауыл халқының өсімі небары 0,8%-ды құраған. Жыл басынан бері ауыл халқы 12,9 мың адамға ұлғайып, 1 наурызда 7,74 миллион азаматқа жетті. Өсім тек елдің жеті облысында байқалды. Үздік көрсеткіштерді Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстары көрсеткен.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы халық өсімінің әркелкілігіне агломерация мен урбанизация процестері әсер етіп отыр.

Бүгінгі демография қарқыны сақталып қалар болса, оңтүстік аймақтардағы тұрғындар саны 5,2 млн адамға көбейеді.

Елімізде 2050 жылға қарай халық саны 24 миллионнан асады, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

2050 жылға қарай болжам бойынша Қазақстанда халық саны 24,5 млн адамды құрайды. Бүгінгі демография қарқыны сақталып қалар болса, оңтүстік аймақтардағы тұрғындар саны 5,2 млн адамға көбейіп, орналасу тығыздығы солтүстік облыстарға қарағанда 4 есеге дерлік асып кетуі ықтимал.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Алматы қаласын қоспағанда) халықтың 38%-ы өмір сүріп, олардың өңірлік жалпы өнімге (ӨЖӨ) қосар үлесі небары 17%-ды құрауда. Солтүстік өңірлерде болса, халықтың 29%-на өңірлік жалпы өнімнің 25%-ы тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында министр Тамара Дүйсенова көші-қон саясатының жаңа тұжырымдама жобасын таныстырды.

Тұжырымдама жобасында Елбасының Ұлт жоспары-100 нақты қадамда айтылғандай инвестицияға қолайлы жағдай жасау үшін көші-қон саясатын бұдан әрі дамыту стратегиясы қарастырылып отыр. Ұзақ мерзімді немесе аралас көші-қон үлгісіне Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы елдерінің тажірбиесі арқау болмақ. Егер жүйелі жұмыс жүрсе, білікті мамандарды экономикалық инновациялық секторларына тартып, кәсіпкерлікті өркендете аламыз. Сондай-ақ, тұжырымдамада ұлт қауіпсіздігіне ерекше ден қойылып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 871
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 727
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 560
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 572