Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4286 0 пікір 11 Маусым, 2018 сағат 01:44

Cәкеннің серігі

Бұдан сәл ертеректе «Шіркін, күйеу біткен қазаққа Женя жездеміздей еңбек сіңірсе… немесе Гүлфайрус Исмаилова мен Евгений Сидоркин туралы сыр» деп аталатын мақала жариялағаным бар. («Қазақ үні» газеті. 19.04.2016).

Сол мақала туралы пікір білдірген бір құрбымыз әлде қарындасымыз Гүлфайрус Исмаилованы өз-өзіне сенімді түрде «татар қызы» депті. Сондықтан ол дүниеге қысқаша түсініктеме бере кетуге тура келеді.

Қазір кейбір іні-қарындастарымыздың көп нәрсені аса біле қоймаса да бірдеңені жобалап соғып, жұртты адастыратыны әдетке айналғандай. Қынжыласың. Басқа қайран жоқ.

Гүлфайрус апай, өз айтуынша, ежелгі алматылықтар. Туған әкесі Таңсықбай Қонарбаев (суретте қызы Гульфайруспен отыр) революцияға дейін Санкт-Петербург университетін бітіріпті. Кейін Сәкен Сейфуллин тобында болды деген айыппен сотталған. Төрт жылдан кейін «ақталып», Екіншідүниежүзілік соғысқа жөнелтіледі. Панфиловшы. Майданды бастан-аяқ өткерген. Кейін Әлеуметтік-жабдықтау министрлігінде қызмет атқарыпты. Ұзынағашта жерленген.

Гүлекеңнің анасының есімі – Қайырниса. Ал өзінің азан шақырып қойған аты – Күлпаш. Осы есімді апайымыз әуел бастан ұнатпағандай. Оның үстіне, орыснамай құрбылары бәрі дерлік Күлпашқа сәйкес «Культя» деп атайды. Бұл апайға тіптен ұнамаған. Сол себепті, паспорт алған кезде атын Гүлфайрус деп өзгертіп алады. («Файрус» арабша жұлдыз деген мағына беретін көрінеді). Күлпаш Қонарбаеваны татар деп отырған қарындасымыз Гүлфайрус Исмаилова дегенді өзінше долбарлап, татар ағайындарға тән фамилия деп шешсе керек. Гүлекең:

– Мен нағыз қазақпын, – деуші еді. (Сөзбе-сөз – «чистокровная казашка»). – Ал тәрбиелеген – өгей әкем Мансұр Исмаилов. Дүнген ұлтының өкілі. Одан анам бес бала тапты. Бәрі де аққұба өңді, бозкөз балалар. Неге десеңіз, мамам қазақтың бозкөз қызы еді. (Орысша айтқанда, «сероглазая казашка» Қ.М.). – Бауырларым түгелдей дүнген болып жазылды...

Апай тірі болса өзін татар деген сөзге қатты ренжір еді. Негізсіз айтылған уәж жалғыз о кісіні ғана емес, Гүлекеңді жақын таныған талай адамды опындыратыны даусыз. Және беталды сөз небір дақпыртқа жол ашады...
Одан соң: мақаланың газеттік түрінде Гүлфайрус Мансұрқызының кино, театр саласындағы еңбектері, керемет қолтумалары жөнінде, көптеген Халықаралық деңгейдегі марапаттары туралы қысқаша анықтама бар-тын. Интернеттік нұсқаға ілікпепті. Оны қайталап салуды қажетсіз деп таптым. Өйткені, көзіқарақты қауым Гүлекең ғұмырбаянын жақсы біледі деп ойлаймын.

Құлтілеу Мұқаштың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 741
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 572
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579