Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 3723 2 пікір 11 Маусым, 2018 сағат 01:41

Жарамазан

Алматыдағы басқа аудандарды қайдам, "Құлагер" ауданында күнде жарамазан айтылады. Көпқабатты үйлер өте ыңғайлы болу керек жарамазан айтқанға.

Кілең бес пен он жас шамасындағы қазақ балалар, арасында бірен-саран қыз бала кездеседі. Подъезд бір ашылса, бірден отызға жуық пәтерге айтып шығады. Ауызашар кезінде аралап үлгермейміз деп, түс ауа бастай береді екен бұлар. Есікті тоқылдата салысымен шу-шу еткен дауыс "Қайсы байдың үйі екен" дегенде бойыңды позитив жайлап, ыңыранып, жылқылы байдың кейпіне еніп, езуің жиылмай жақындай бересің. Екі шумақтан кейін "түтін, түтін, түтін шықсын, 500 теңге бүтін шықсын" деп заманауи өзгеріске түскен қайырым кетеді екен. Ұзағынан толғап тұратын уақыт жоқ оларда. "Көке, дұрысы бес-он теңге, біз оны бес жүз теңге деп өзгертіп алдық" деп қояды.

Алғашқы күндерде табыс мол болғанмен, көп шуылдақ бөліссе мардымсыз шығады. Сосын не істеген бұлар, екі-үштен бөлініп бөлек подъезге кіреді. Тапқандары бұрынғыдай тоғыз-онға бөлінбейді. Ақша болса теңдей бөліп, кәмпит-пішінәй болса көшеде-ақ шаруасын бітіреді.

Бүгін басқа жолын тауыпты. Үйге барса біреу береді, біреу "пошел вон" деп қуып шығады. Қашанғы бере берсін енді? Үй-үйді түгендеп жүргенше, ұтылмайсың, бірден дүкенге айтқан дұрыс деп шешкен. Содан "Дана" дүкенінен бастаған. Жомарт сатушылардан екі "Махі чай" ішкен, ал "Мубарак" дүкені төрт сағыз бен 100 теңге, "Жанель" дүкені езілген кәмпит беріпті. Жолай жеміс-жидек дүкенін де ұмытпаған. Біреуі екі банан, екіншісі алақанына құлпынай салып беріпті жуып-жуып. Дұрысы кондитер дүкені деп жатыр жарамазаншылар. Тәтті қай кезде де артық болмайды. Айтқандай-ақ, пирожный үлестіріпті. Ондай кезде ұзақ бата беретін бала тамағын кенеп, алақан жайып ортаға шығады екен.

Үйге келгесін "жаңа шумақтарын жаттамасақ болмайды, ұят екен, күнде "ақ тауық пен қара тауық" айтатынымыз" деп кітабын парақтап отыр енді. Кәдімгідей жұмыс етіп алыпты.

Ораза айы құтты болсын, ағайын!

Мүсілім Әмзенің Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 742
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 573
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 580