Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 4385 0 пікір 5 Маусым, 2018 сағат 14:36

Димаштың әндерін тыңдап дертінен айығыпты

 

Rae Ward. Жаңа Зеландияның тұрғыны. Қатерлі ісікпен ауырып, жүріп-тұруы қиындаған сəтте Димаштың әндерін Ютубтан "кездестіріп", тыңдарманына айналған. Күніне 4-5 сағат тыңдап, кəдімгідей əл жинап қалады екен. Өмірге деген құштарлығы ояныпты. Алдына мақсат қойған. Ол - Димаштың туған жерін көру. Сол үшін төрт айда бассейнде 50 шақырым жүзіп, 20 келіге арықтапты.


Ақтөбеге жету үшін 5 ұшақ ауыстырыпты. Қайтар жолы да солай болмақ...
...Құдайберген аға мен Миуа апа ауызашар берді. Көршілерін жəне бізді шақырыпты. Қанат пен Димаш көптен бері келіп тұрғасын достарымен қауышып, қауқылдасып қалсын деген ниет.

Төрде Rae Ward ханым отырды. Мəз. Қанаттың ет турағанын, Димаштың құлақ жегенін, біздің келіншектердің сəлем салып, табақ алғанын көріп, қатты таңғалды. Жігіттер əн айтып, күй тартқанда ерекше сүйсініп отырды. "Дайдидауды" əрлеген Бақытбекті, "Ұмытылмас күннің" сөзін жазған Оралды көріп, шаттанды. Қасындағы аудармашысы Жаннұр қарындасымыздың айтуынша, келгелі бері ерекше бір күйде жүр екен. Қазақтың салт-дəстүрі, бауырмалдығы қатты ұнапты. "Сəлем", "Рахмет", "Сау болыңызды" үйреніп алыпты. Біздің отбасылық институтымызға тəнті болып отыр. "Біз көп құндылықтарымыздан айрылып қалғанымызды сезіндім..." - дейді...
63-тегі əйелдің ерік-жігеріне таңғалдым. "Мені аяққа тұрғызған Димаштың əні..." дейді өзі. "Осындай ұл туғызған халық қандай бақытты!"


Бас изеп, қостап отырдық. Сол Димаштың үстіне "кірдің суын" төгіп жатқанымызды қалай айтайын...

Бауыржан Бабажанұлы

FB парақшасынан алынды

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 824
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 667
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 525
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 537