Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
2990 0 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 09:18

Жастар театры – Грузияның комедия фестиваліне қатысады

5-14 маусым, 2018 ж. Гори (Грузия). Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жастар театры 5 -14 маусымы аралығында Грузия мемлекетінің Гори қаласында өтетін Халықаралық Комедия фестиваліне У.Шекспирдің «Асауға тұсау» қойылымымен қатысады. Спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай. 

Спектакль Грузия мемлекетінің Гори қаласында 2018 жылдың 6 маусымы күні сағат: 20.00 (Грузия уақыты бойынша) жергілікті халық пен фестиваль қатысушылары назарына ұсынылады.

Айта кетейік, Гори қаласында бесінші рет өткелі тұрған Халықаралық комедиялық театр фестиваліне Қазақстандық театр бірінші рет қатысқалы тұр.

Халықаралық, республикалық деңгейдегі фестивальдердің бірнеше мәрте Гран при жүлдегері атанып үлгерген «Асауға тұсау» қойылымы қазақ театр өнерінің көркемдік кеңістігінен алар орны айрықша.

«Асауға тұсау» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өрмінезді Петруччио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа кейіпкерлердің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі. Жарасымды қалжыңымен баурап, көркемдік құдіретімен еліктіре түсер шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1788
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1775
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1395